/

Қазақстанға моңғол әншісі Сарантуяа келді

782 рет қаралды
4

19 сәуірде  Алматы қаласында, Қазақтың мемлекеттік Жамбыл атындағы  филармониясының баспасөз клубында  (Қалдаяқов көшесі 35 үй) Моңғолияның еңбек сіңірген әншісі, 1993 жылғы халықаралық «Азия дауысы» ән фестивалінің гранпри жүлдегері  Батмөнхийн Сарынтуяа «Түсімдегі говь» концертіне орай баспасөз мәслихатын өткізді. Әншінің «Түсімдегі говь» атты шығармашылық кеші   сәуір айының 21 күні Алматыда Студенттер сарайында, ал, 23 күні Астанада Конгрессхолда  өтпекші.
Батмөнхийн Сарынтуяа 1993 жылы Қазақстанда өткен халықаралық «Азия дауысы» ән фестивалінде бас жүлдені жеңіп алған.  Ол 1970 жылы 20 сәуірде Моңғолияда дүниеге келген. Медсапрано дауысты әнші 1980 жылдан бері қарай Моңғолияның эстрада саласына зор үлесін қосып келе жатыр. Ән өлкесіне аяқ басқан жиырма жыл ішінде ол 16 жеке альбом шығарып, 20-дан астам жеке шығармашылық концертін өткізіп үлгерген. Монғолияның поп корольевасы атанған әнші 1999 жылы «Ғасырдың үздік әншісі» деген атақты жеңіп алған.
Сонымен қатар көптеген еуропа мемлекеттерінде атап айтар болсақ: 1999ж, 2001ж, 2005 жылдары Германияда, 2002 жылы АҚШ та, 2003 жылы Англия мен Ирландияда, 1998ж, 2002ж, 2003ж, 2005 жылдары  Польша, Швецария, Венгрия, Корея, Қытай елдерінде, ал, 2009 жылы Жапонияда өзінің жеке шығармашылық концертін өткізген.  Сарынтуяа көп сырлы, алуан қырлы әнші. Орыс, ағылшын, неміс, саха тілдерінде ән шырқайды.  Сол қырының бірі – қазақ тілінде ән салуы. Ол қазақтың әндерін сүйіп тыңдайды, жүрегімен шырқайды. Соның бірі «Есімде түнде тұрып тербеткенің»…
– Менің өнердегі шабытымның шырқау шегі, алғашқы ең ірі табысыма – «Азия дауысында» қол жеткіздім. Сондықтан Қазақ елі мен үшін қашан да ыстық. Жүрегімнің бір түкпірінде қазақ деген елге ірі құрмет, ерекше тағзым жатады. Осы бір аялы сезімнің жетегінде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, концерт қоюды мақсат еткен едім. Жолым бүгін түсті, -дейді әнші.

“Мінбер ақпарат”

Бұл жазбаны форумда талқылау

Бұл жазбаны форумда талқылау

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Иә, қазақтың рухы мен өнерінің биік дарасына кеудесін иген адамдарға бізден де құрмет! Сапарлары сәтті болсын.

  2. пух, қаңғыған қалмақты осынша әспеттеп керегі не екен…

    • Мына Шымкенттік оқырманға айтарымыз, адамды ғайбаттама! Қаңғырған қалмақ па екен не? Мықты болсаң, сен де сол сияқты шетелдерге шығып, көп жүлделер алып жүрмейсің бе? Қолынан түк келмей, ал келгендерді көре алмай қызғанбаңыз!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  3. Шымкенттен. Нағыз сорлы жан екенсің. Шымкенттен садаға кетсең болар еді. Атыңды жазып тыныш отырмадың ба? Бүкіл Шымкентті ластамай. Менде Шымкенттенмін, бірақ ісің ақылға қонбай отыр.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі