/

Жастардың кәсіподақтағы рөлі және болашағы

860 рет қаралды
2

Наурыз айының 30-ы күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кәсіподақ жастарының II Халықаралық студенттер форумы алдында «Жастардың кәсіподақтағы рөлі және болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты кәсіподақ жастарының республикалық деңгейде маңыздылығын арттыру.

Дөңгелек үстелге жұмысына арнайы шақырылған қонақтар – Алматы қалалық ҚР Білім және ғылым қызметкерлері “Парасат” кәсіподағының төрағасы Данат Жаңатайұлы,  ҚР теміржолшылар кәсіподағының маманы Замзагүл Бакенқызы және Алматы қалалық ЖОО-ның студенттік кәсіподақ басшылары мен студенттер қатысты.

Форумды ұйымдастырып жатқан білім мен ғылымның форпосты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  «Сұңқар»  кәсіподағының төрайымы Әлия Қарақожаева дөңгелек үстелді жүргізді. Ол қазіргі кезде кәсіподақта жастардың жұмысы күнен күнге артып келеді. Кәсіподақ дамуы мен келешегіндегі жас көшбасшылардың алатын орны қандай екендігі, студенттер кәсіподағының Республикалық деңгейде бірігуінің маңыздылығы  және кәсіподақ жастарының қоғамдағы рөлі, нарықтық заманның сұранысына қалай жауап беретіндігі осы дөңгелек үстел барысында талқыланатындығын атап өтті.

Ал Данат Жанатайұлы : «Кәсіподақ деген өз еркімен құрылатын  қоғам. Біздің Қазақстан дүние жүзіндегі ең жас мемлекеттердің бірі. Халқымыздың 39%-ы 28-ге дейінгі жастар. Сондықтан болашақ жастардыкі деген ол жәй сөз емес. Ол – табиғи шындық, тарихи шындық. Мемлекетіміздің дамуы осы жастардың бірігіу мен олардың алған позициясына байланысты » – деді.

Замзагүл Бекенқызы өзінің кәсіподақтағы тәжірибесімен бөлісе келе: «Қазақстанның болашығы осындай білімді жастардың қолында. Біз сіздерге сенеміз. Біздің жасай алмағанымызды сіздер қолға алуларыңыз қажет » – деп сөзін тәмамдады.

Жиын соңында кәсіподақ саласында елеулі орны бар мамандар, ЖОО көшбасшылары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері, жас кәсіподақ белсенділері заманауи университеттердегі кәсіподақ іс-әрекеттері мен рөлін талқылап, сонымен қатар кәсіподақ жұмысы барысында жинақталған тәжірибелермен алмаса отырып, мынадай шешімдер қабылдады:

1. Студенттердің белсенді қатысуымен өзін-өзі басқару ұйымдарының жаңашыл жүйесін құру;
2. Кәсіподақ жұмысындағы жастардың рөлін арттыруда маңызы зор ІІ Халықаралық студенттер Форумын өткізу және халықаралық деңгейде кәсіподақ жұмысының жоғары дәрежеде дамуы үшін Форумды әр жыл сайын ұйымдастыруды жалғастыру;
3. ЖОО жетекшілері студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді жұмысы үшін жағдайлар, сонымен бірге ұйымдастырушылық және материальды-техникалық қолдау жасау;
4. Аймақтар мен мемлекеттердегі жастар кәсіподақтарының дәрежесін көтеру;
5. Қоғамда студенттік өзін-өзі басқару іс-әрекеттерін кең, ауқымды түрде талқылау;
6. Заманауи университеттер бағытын жаңашыл студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен біріге отырып анықтау;

Бұл шешімдердің қазіргі заманауи қоғамның ең үлкен бөлігі – студенттердің әлеуметтік, экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғап, оларға қолдау көрсету мақсатын көздейдейтін кәсіподақтар үшін маңызы зор. Аталмыш отырыс сол игі мақсаттарға жету жолдарын бұрынғыдан да жандандыра түсті деп білеміз.

Айнұр Ракишева

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. оооооооооооооооуууууууу жақсы екен! ҚазҰУ әйтеруір алда!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі