//

Әуелі Аллаға сыйын, сонан соң Абайға бас и, Алаш баласы

955 рет қаралды
4

Уа, Алаш, әлем аспанын бұл күндері Абай есімі, Абай рухы шарлап жүр. Мәскеуден шарықтап шыққан оның рухы жер жүзінің адамзат баласының жан дүниесін өзінің рухымен нұрландырып, бүкіл ақпарат құралдарын, ғаламтор кеңістіктерін жаулап алды.  Бұл күндері жер де, көк те Абай деп жаңғырығуда. Ақынның ақыны, Мағжан айтқандай мың жыл жүрсе бір сөзінің дәмі кетпес, әлемнің құлағынан әні кетпейтін Абай аумағы алмағайып заманнан әділет іздеген жандардың жиылып іштегі запыран жан айқайын паш етер алаңы болған болса, Абай қорған табар панасына, ақыл сұрар данасына,  иман құяр санасына айналған. Бүгін Мәскеу Абаймен тыныстауда. Мәскеуде Абай атындағы интернет сайт ашылып оның рейтингісі ең оқырманы көп алдыңғы шепке көтерілсе, Абай суреті басылған киім-кешек, түрлі-түсті плакаттар, қағаздар шығарылып, өлеңдерін басып шығару ісі қолға алынып жатқан көрінеді. Радио, теледидарлардан Абай өлеңдерін жатқа оқып, Мирей Борисше айтсақ «оның өлеңдері түнек өмірге қарсы көтерілген алдаспан болды».

   Мәскеудің бейбіт шеруге шыққан адамдарынан әлдекім «қайда барасыңдар?» деп сұрай қалса, кез-келген адам іркілместен Абайға деп жауап беретін болыпты. Яғни Абай ескерткіші тұрған алаңға барады. Абай алаңы әділет ошағына айналған. Иә, ағайын, Мәскеу орыстары өстіп жатыр, жақсының жаттығы жоқ деген осы. Абай атаның баласы емес, адамның баласы дегені осы. Асыл сөз – адамзат баласына ортақ қазына.

Осыдан біраз бұрын қазақтың Алматы қаласында тұратын «арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?» деп, «өңкей жалған мақтанмен шынның бетін бояған» (Абай) қазіргі билікке көңілдері толмайтын адамдардың да саялап келген жері Абай ескерткіші болатын. Бірақ күш құрылымдары оларды Абайдың маңайынан аулақтап, төменге сырғытып тастаса да дүркін-дүркін жұрттың Абайдың тас мүсінін тасалап келгені аян, бір тылсым күш-құдыреттің осылай сүйрегені шындық. Бірақ, олардың еш қайсысы Абай рухын сезіне білген жоқ,  мына мәскеуліктер сияқты Абайды жер жаһанға жайып,  асқақтатпақ түгіл, Абайдың есімін ауызға да алған жоқ еді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында Байтұрсынұлы Ахмет «Қазақтың бас ақыны – Абай. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген еді. Алайда біз «қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімін» (Міржақып) әлі күнге аз біліп қана қоймай, енді міне Мәскеуде орыстар Абай атын көкке көтергенде барып жаңа оянғандай, «бізде  осындай адам бар еді-ау» деп жатқан жайымыз бар.  Сонымен қатар біздің еліктегіштер Абайды бүгін көргендей-ақ, Мәскеу орыстары не істесе соны істеп, Абай суреттері басылған жейде-жепсік, көйлек-көншек жасатып, жарысып жатқан жайы бір жағынан күлкілі, ал екіншіден, бұл да болса рухқа дем берерлік нәрсе. Өздерінің қолынан келмесе, өзгенің істегенін істеген де жақсы. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегенді де Абай Ата айтқан. “Абай – орыс революциясының символы” деп жазып жатыр ресейліктер. Ал Абайды Алаш іздеген жоқ, Алашқа аяңдап Абайдың өзі келді. Демек, әділет іздеген адамзат баласының бүгінгі тірегі Абай болса керек. Ендеше, Алаш баласы, адам болам десең әуелі Аллаға сыйын, сонан соң Абайға бас и, ісің алға басады! 

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Рахмет сізге, Бурылалтай. Дәл осындай рухты мақалаларды оқымағаныма көп болып еді. Діттеген жерден шығыпсыз. Алланың нұры жаусын.

  2. Рахмет Айқын, мен де көптен бері жылы сөз естімеген едім…

  3. Кеше Мәскеулік орыстар Алматыда Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ал сендер өсек-аяңнан басқа ештеңе оқымайсыңдар, ұят-ай!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі