//

Сейдуманов Алматының Алма-Ата болғанын қалайды

967 рет қаралды
8

Жақында Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ономастика туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне тапсырғаны аян.

– Егер бұл заң қабылданатын болса, біз тарихи атауларымызды қайтарып алуға мүмкіндік аламыз, – деген болатын Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай.

Бұл кезде барлық ақпарат құралдары бұған дейін отаршылдықтың таңбасындай жат атаулардың өзгеруіне мұрындық болады деп бөріктерін аспанға атқан еді. Алайда осы аптаның басында баспасөз-мәслихатын өткізген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов егер «Ономастика туралы» заң қабылданса, Алматы атауы Алма-Ата атануы мүмкіндігін, тіпті Сейдуманов мырза бұл өзгерту ономастикалық заң қабылданған дейін қолға алынуы мүмкін екендігін айтып салды.

«Алматы қайта Алма-Ата болуы мүмкін. Әкім мен менің көзқарасымыз бойынша Алма-Ата жазылуы да, дыбысталуы да жағымды. Конституцияны қазақ және орыс нұсқасын жасағанда ешкімнің пікірмен санаспай, «Алматы» деп жазған болатын. 30-шы маусымға дейін, парламент шақырылымының сессиясы аяқталғанша, ономастика туралы заң қаралады»,-дейді Серік Тұрарұлы.

Серік Сейдуманов мырза бұл мәлімдемесін жасаудан бұрын Алматы қаласының әкімінен өзге лауазымды тұлғалармен ақылдасты ма екен, әлде өзінің құлдық психологиядан арыла алмай жүргендігін осылай паш еткенді жөн көрді ме екен. Қалай десек те, Алматы секілді ірі мегаполис басшыларының аузынан шыққан бұл лебіз бізді жайдан жай қалдырған жоқ. Себебі, оны саясаттанушы немесе қазақ мемлекеттігіне қарсы ой айтып жүргендердің бірі айтатын болса, мән бермеуге болатын еді. Елдің саяси әлеуметтік дамуына қатысы бар білдей шенеуніктің көзқарасы – биліктің көзқарасы болып табылады ғой. Ендеше Серік мырза келмеске кеткен Кеңестік дәуірдегі отаршылдардың өктем атауын неге жақсы көріп қалды?! Әлде бұның артында саясаттың салқыны жатыр ма? Біз Кедендік одақ пен Еуразиялық одақтың тәуелсіздігімізге нұқсан келтіруі мүмкіндігін жиі айтамыз. Алайда ресми билік өкілдері бұл тек экономикалық одақ екендігін талмай қайталауда. Егер, Серік Сейдуманов мырза Алматыны Алма-Атаға өзгерту жайлы нұсқауды жоғарыдан алған болса, бұл да жаңағы одақтардың бізге тигізіп отырған салқыны деп түсінбестен басқа амал қалмайды екен.

Біз керісінше, күні бүгінге дейін әңгіме арқауы болып келе жатқан Павлодар мен Петропавлдың тарихи атауын қайтаруды мақсат етуіміз керек еді. Өзге емес, ірі мегаполис басшыларының аузынан осындай идея айтылуы қажет еді. Егер де посткеңестік кеңістіктің өзге елінде жоғары лауазымды шенеунік осындай ақылға қонбайтын мәлімдемелер жасаса, оны қоғамдық қозғалыс өкілдері өз орын тағында бір сағат та отырғызбас еді. Бізде мемлекеттің, ұлттың саясатына қайшы, ойлау жүйесі кеңестік дәуірде қалып кеткен, шенеуніктерге ұлттық маңызы бар жобалардың тізгінін ұстатамыз. Алматы қалалық ономастика жөніндегі комиссияның төрағасы Серік Сейдуманов Алматыдағы атауларды өзгертуге кірісіп кеткенін мақтанышпен айта отырып, Кеңестік дәуірдің көсемдерінің атауларымен аталып келе жатқан Тимирязев, Шаляпин  және Горный көшелерінің өзгеріссіз қалатындығын айтып отыр.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Алла ғана, Сейдуманов секілді құлдық санаға бас ұрушыларды қалай ғана мемлекеттің ірі қаласының тізгінін беріп отыр екенбіз! Садаға кет Қазақ елінен!

  2. Сонда не, Әкім екеуіңіз құдай да, қалғандары мал ма екен!

  3. Білгендеріңді жасап талтаңдап біттіңдер ғой, елдің ертеңінен қорқып, Алаш деп өткен бабалардың аруағынан сескенсеңдер қайтеді

  4. Cерік секеңдемесін. Алматы атауы Сейдумановтың атасының аты емес. Қазақтың ең ірі қаласын басқарып отырған адамдарының сиқы осындай, пұшаймын, құл болғанда бұдан жоғары жақта тіпті жылт бар деп ойлаудың өзі күлкілі болар-ау!

  5. Жарайсың, Сейдуманов, көтерілейін деген екенсің (лауазымда).

  6. Ұшақта отырып “Жас қазақ” газетінің “Сағындым Алма-Атамды” мақаласын оқыдым. Қасымдағы қыздарға: “Бұдан әрі “Сағындым Алматымдының” орнына “Сағындым яблоко мен дедушкамды” деп өлеңдетеміз” десем, барлығы ішек-сілесі қатып күлді. Ал серіктесімнің бірі Сейдумановтың фотосына қарап отырып: Эй, мынау… деді де, маңдайынан шертіп келіп жіберді…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі