//

Абылай хан шыңында шырқалған Ән ұран

1524 рет қаралды
10

Қызылжардағы семинардан кейін біз кешкі самалмен, барлық жұмыстарымызды аяқтаған соң, кешкі астың алдында қаланың көрікті жерлерін серуендеуді дәстүрге айналдырдық.

Өскеменге аяқ тірегеннен кейін жергілікті халықтан Өскеменнің өзге қалалардан келген қонақтарға ұсынар қандай сыйы барын сұрастыра бастадық. Елдің аузына әуелі Абылай хан шыңындағы “Қазақстан” монументі түсті. Ислам Әбішев қала әкімі қызметін атқарып тұрғанда, қолына бірінші алған ісі Өскемен тұрғындары өздерінің  Қазақстанның, Қазақ Елінің азматы екенін мақтанышпен сезінуі үшін, ұлттық патриоттық сезімдерінің жоғары болуы үшін осы кешенді салуды қолға алған екен. Кешен ел арасында “Қазақстан” тауы деген жанама атқа да ие. Оның қанша метр биіктікте орналасқаны туралы ақпаратты ешқайдан таба алмадым. Жергілікті ақпараттардың басын қосқан www.altaynews.kz  сайтындағы мәліметтер бойынша, Өскемендегі Красин кенті жақтағы Аблакет тауының ең ұшар басына тұғыр орнатылып, оған көк байрағымыз тігіліп,  баурайына үлкен әріптермен «Қазақстан» деп жазылған. “Аспанмен тілдескен жалау мен жарқыраған жазу қаланың қай тұсынан болсын көзге оттай басылып, мен мұндалап, елдігімізді айғақтап, рухымызды асқақтатып тұр. Ұрпақ бойына ұлттық патриотизмді ешқандай насихатсыз-ақ, тек осындай символикалар арқылы сіңіруге болады екен. Былтыр жазда Конституция күні қарсаңында «Қазақстан» жазуы және мемлекеттік Ту жаңартылды. Ол жерге электр желісі тартылды, енді жазу мен байрақ түнде де көрініп тұрады. Сондай-ақ, жалау саптың ұзындығы 40 метрге дейін көтеріліп, тудың көлемі ұлғайтылды. Енді өскемендік көк байрақ – еліміздегі ең үлкен тулардың бірі. Оның ені – 6, ұзындығы – 12 метр. Ал, «Қазақстан» деген тау баурайына жазылған үлкен жазу елімізде тек Өскеменде ғана бар” делінген онда.

Сағат 18,45-те “Өскемен” қонақүйінен Абылай шыңын бетке алдық. Такси тау етегіне жеткізіп салғаннан кейін, арнайы жасалған баспалдақтар арқылы “Қазақстан” жазуын бетке алып, жаяу көтерілдік. Кемінде 500 метрдей жоғары көтерілгеннен кейін аталған кешенге де жеттік. Анадайдан мен мұндалаған Қазақтың қасиетті көкбайрағы желбіреп,  тамырыңдағы ұлттық рухыңды шымырлатып, осындай алып мекенді иеленген ата-бабаларымыздың қасықтай қаны қалғанша, білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған қасиетті Атақонысынан айналады екенсің. Қазақ елінің ұлттық рәміздерінің барлығы айшықты да айбарлы түрде бейнеленген. Ту, Ел таңба, Ән ұран және бүкіл Алтай еліне айбар шашып, көкірегіңді мақтаныш сезім билейді екен. Тау баурайында қашалған “Қазақстан” сөзі де көңіліңді көкке өрлетіп әкетті. “Қазақстан” кешеніне жеткен біздің топ Қазақ елінің ән ұранын орындап, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуын тіледі.

Абылай хан шыңына өрмелеп келеміз!
Абылай хан шыңына өрмелеп келеміз!
Жастарға ілесе алмадық
Жастарға ілесе алмадық
"Қазақстан" жазуы жаңыңа қуат сыйлайды

“Мінбер ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Қандай керемет!!! Жақсы әсер алдыңыздар деп үміттенемін! Өсеменге жиірек келіп тұрыңыздар!

  2. Кереметі керемет!!! Қонақжай да, кеңпейіл екен шығыс халқы. Таудағы әнұран қойылса тіпті жақсы болар еді….

  3. Қандай керемет! Мен бара алмағаныма өкініп отырмын 🙁

    • Иә, бар қызықтан қалып қойдың. Келесі жол міндетті түрде қалмассың

  4. Әсер өте керемет! Сағындырмай тағы келіп тұрыңыздар!

  5. Тауда орындалған әнұранды көрдім!!!Кешіккеніме өкініп, күрсініп отырмын!! тамаша!!!

  6. шығыстың шырайын ашқан қазақстан тауы шынымен де керемет.. тау басына шықсаныз тынысыңыз кеңіп, көңіліңіз көтеріп қалады. Өскеменге қонақ болып келген ағайындар Қазақстан тауына соқпай кетпеңіз.

  7. Өскеменге барған сапардан кейінгі әсер өте керемет! Шынымен де, Абылай шыңына барып, “Қазақстан” кешеніне көтерілгеніңде ерекше бір сезімге бөленедеі екенсің. бізге осындай мүмкіндік жасаған “Мінбер” журналистерді қолдау орталығына және шығыстағы ағайындарға үлкен рахмет!!!

  8. Абылай хан тау шыңында шырқалған ән ұран өте керемет .

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі