//

Бап та, бақ та өз қолдарыңызда! Бүгін елімізде ҰБТ басталды

740 рет қаралды

Қоңырау, сыңғырла соңғы рет асыға,

Үн қосқан дыбысың қиялдан асуда

Білім ал, еңбек ет, жас түлек,

Өрле сен, биік шың басына.

Міне,  11-сынып түлектері үшін соңғы  қоңырау үні сыңғырлағалы да бір апта өте шықты.  Мектеп түлектері алтын ұяларындағы тәтті өмірмен қоштасып, жаңа белес, жаңа асуларға қадам басты. Болашақ өмірдің сан түрлі сындары мен қиыншылықтарына қайрат жинап, әрі қарайғы тағдырлары шешілетін Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсыру да басталып кетті.  Қазіргі кезде ҰБТ тапсырған оқушылардың біразы өз білімдерімен  ақтап алса, кейбірінің бағы шауып, жоғары бал жинап жатыр. Сол себепті соңғы кездерде «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген тіркес  жиі қолданылады. Тіпті дайындық кезінде жоғары жинап жүрген оқушылар нағыз  тест тапсырарда төмен жинап қалады. Мұндайда  көпшілік «Бағы шаппапты да» дейді екен. Бұл ненің әсері? Қалайша бұрын жоғары жинап жүрген оқушы ҰБТ-дан сүрінеді? Менің ойымша, бұл – қобалжудың әсері. Сол себепті оларға дәл қазіргі кездерге түлектерімізге қолдау керек-ақ! Менің айтарым, алдағы сыннан өтерде бап та, бақ та өз қолдарыңызда! Егер шынымен дайындалып, өз білімдеріңіз бен күштеріңізге сенсеңіздер, алынбайтын асу жоқ.  Сіздерді алда  алып қамал , ізгі қиялдар күтіп тұр. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жаны таза, білімді, саналы, білгір азаматы болатындарыңызға 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздар да, мына біздер де сенеміз! Еліміздің ең қымбат қазынасы, ертеңгі ел болашағы – сіздерсіздер! Сондықтан сіздерге қияға самғар талмас қанат, білімге жетелейтін ізгі ниет, асуларды алатын терең білім, асқақ арман тілеймін!  Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай: « Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін –білім».  Сол білімнің ең биік шыңына өрлеп, еліміздің арқа сүйер азаматтары болуларыңызда тілектеспін!

 

Мектеп түлектеріне тілек

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,

Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.

Сіздер салған білімнің көпірімен,

Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,

Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.

Бітіргелі отырған әрбір түлек,

Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,

Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.

Сен биіксің, бағындырар белесті,

Жігерлі бол, үлгісің сен талайға!

 

Камшат ЖҰБАТХАНОВА

Маңғыстау облысы,

 Мұнайлы ауданы,

Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің

10-сынып оқушысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі