//

Путинге жолданған хат

786 рет қаралды
3


Түрік халықтарының дүниежүзілік Ассамблеясы Ресей президенті В.Путиннің атына хат жолдады. 

Хатта Ресейдің “ГАЗ” акционерлік қоғамы шығаруға дайындап жатқан бірқатар автокөліктерге Ермактың атын қойғанын, Ермактың аса жауыздықпен Дон, Сібір түріктерін, қазақ халқын қырғанын еске салып, ол жендеттің атын дәріптеу түрік халықтарының, оның ішінде қазақ халқының намысын таптау екені айтылған. Сонымен қатар, Ресейдің мектеп оқулығында моңғол-татарларды адам жегіш еткенін, атап айтқанда орыстарды жегені жөнінде жала сурет барын, бұл ұлы татар ұлтына орыстардың жеккөрініш сезімін тудыратынын атап көрсеткен.

Сондай-ақ, 2011 жылы Астана экономикалық форумында Қазақстанның экономика институтының директоры Оразалы Сәбденов қазақ тілінде баяндама жасай бастаған кезде, Ресейдің үкімет делегациясының залдан шығып кеткенін, сөйтіп қазақтың байырғы, бай тілін менсінбей намысына тигенін де жазған.

Осы фактілерді алға тартып, Ассамблея Ресей президентінің орыс және түрік халықтарының жаңа заманға лайық қарым-қатынасына теріс ықпал ететін бұл келеңсіз жәйттерге назар аударып, болашақта болдырмауын,  жендет Ермактың атын аталған зауыттан шығатын көлікке бергізбей, басқа да жолмен жауыздың атын дәріптетпеуін өтінген.

ТХДА-ның баспасөз қызметі.

20.06.2012 ж.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Соңғы кездерде Ресей билеушілерінең басқыншылық саясаты белең алып, өзгенің жеріне көз алартуды былай қойып бұратана халықты ғайбаттау, менсінбеу, жек көру сынды тұрпайы тұрпатын жиі аңғартатын болып жүр. Бұның түбі жақсылықққа апармайды.

  2. Орыстар мықты екен, қанішер қолбасына дейін дәпіптеп жатыр. Біз де Шыңғыс ханға бір белгі қоялық. несі бар?!

  3. Қазақстан жастарына жоғары деңгейдегі білім бермей, біз ел болып тойтарыс беруіміз бірталай. Сол себепті қазіргі аға буын өкілдері бұл өмірдің талай қызықтарынан бас тартып, соңғы әдістемелік, тәрбиелік және техникалық талаптарға жауап беретін мектептер салуға атсалыспаса, кезекті саяси не болмаса экономикалық тоқырауға келіпте қалуымыз мүмкін. Мұндай мектептердің түлеткрі елімізде және әлемде теңдесі жоқ өнеркәсіп әдістемесінің көзін тауып және оны тиімді пайдаланатын інілерімізді тәрбиелеп шығарады. Бар күш жігерімізді жаңа толқынға жумсайық. Көрші алпауыт мемлекеттерің құйтұрқы саясатына да техникалық прогрессінене де жауап беретін өз інілеріміз.
    (Ел болам десең бесігіңді түзе)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі