//

Шетелдегі қазақ диаспорасы балалары дайындық курстарына қабылданады

618 рет қаралды

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2012-2013 оқу жылына Қазақстан Республикасының  азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды оқыту үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде 1400 орын бөлінгендігін хабарлайды.
Шетелде тұратын қазақ ұлтының азаматтарын дайындық бөлімдерге іріктеу шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері арқылы өтеді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктеріне келесі құжаттарды ұсынуға міндетті: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды куәландырылған орта білім туралы құжаттың көшірмесі, нотариалды куәландырылған жеке құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет.

Үміткерлердің құжаттарын шетелдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, одан соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беріледі.

Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдерін іріктеу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті арқылы өтеді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін конкурсқа қатысуға үміткерлер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: тұрғылықты жері толық көрсетілген өтініш, нотариалды бекітілген орта білім туралы құжаттың көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және 6 фотосурет. Үміткерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті жинақтап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынады.

Дайындық бөлімдеріне қабылдау кешенді тестілеу нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында  екі пән бойынша өткізіледі: математика және қазақ тілі (орыс тілі). Сондай-ақ,  кешенді тестілеу басқа елге шығу арқылы да өткізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқу үшін өткізілетін кешенді тестілеу уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіліп, қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасының Білім алдағы іріктеу жұмыстарын ұйымдастыруға өз тараптарыңыздан көмек көрсетулеріңізді сұрайды.

2012-2013 оқу жылына дайындық бөлімдеріне қабылдау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті ұсынған тізімге сәйкес жүзеге асырылатынын мәлімдейміз.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 1 шілдеден 20 тамызға дейін, сабақ ағымдағы жылғы 1 қазанда басталады.

Толық ақпаратты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің  8 (7172) 74-25-26, 74-25-27 телефондары  арқылы алуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі