//

Шымкенттің шылқыған шенеуіктері кімдер?

678 рет қаралды
3

«Отырар» теле арнасының ақпаратына сүйенген Tengrnews Оңтүстік Қазақстан облысының шенеуіктерінің «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста» атты акциясы қарсаңында өздерінің кірісін жария еткенін жазады. 

Мәселен аталмыш облыстың ең бай шенеунігі Шымкент қаласының әкімі Қайрат  Молдасеитов екен. Жария болған ақпарат бойынша оның жылдық кірісі 316,2 миллион теңге, 3,9 миллион доллор (582 миллион теңге), сонымен барлығы аз да емес, көпте емес бір жылда (2011ж) 900 миллион теңгенің табысын тапқан болса керек. Сонымен қатар ол декларацияда жер телімдері барлығын да көрсеткен. 

Екінші орынға облыстың бас архитекторы Бақытжан Әшірбаев енген. Оның қаражат жиыны он миллион теңге екен. Ал Сайрам ауданының әкімі өз табысын 8,6 миллион теңге деп көрсеткен. Сонымен қатар оның үйі, пәтері, жеңіл автокөлігі бар көрінеді. 

Келесі құйрық тістесіп келе жатқандар Төлеби ауданы әкімі Әуелхан Тұрғынбеков 8,5 митллион теңге, Кентау әкімі Бақытбек Байсалов 6 миллион теңгенің кірісін тапқан. 

Өзінің жылдық табысын, бар дәулетін анық көрсеткен шенеунік Созақ ауданының әкімі Аманғали Аймұрзаев екен. Ол өз дәулетін 6 миллион теңге, 379 қой, 322 ешкі, 37 жылқы, 20 түйе, 32 сиыр деп көрсеткен.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Өз басым қуаныштымын, қазіргі кезде офистерде отырған басқа ұлт өкілдері де, ал базарда жүргендер өзіміздің қазақтар, соны көргенде жүрегім ауырады. Өзге ұлт өкілдері Қазақтың қамын ешқашан ойламайды. Мына ағаларымыз тапқан табыстарына қанағат тұтып, Қазақстанның дамуы үшін жұмыс істесе, бауырларына көмектессе нұр үсіне нұр болар еді… Ал бұл ағаларымыз ақшаны адал еңбектерімен алып жатқан болар деп үміттенемін..

  2. Қайрат Молдасеитов облыстың емес Шымкент қаласының әкімі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі