//

Ту төмен түскен күн және Мемлекетті менсінбейтіндер кім?

899 рет қаралды
3

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 мамыр күні “Шығыс” аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының “Сары бөктер” заставасында 12 шекарашының, бір қорықшының мәйіті табылғанын және заставадағы “Арқанкерген” посты өртенгенін хабарлаған еді. Бұл қазақ-қытай шекарасында болған оқиға еді. Жоғалған бір адамды тапқаны туралы білесіздер, ол жайлы да кейін хабардар етілді. Тірі қалған Владислав Челах деген азамат екен. 

Қаза тапқан шекарашыларды аза тұту туралы 4 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен  маусымның 5-і Қазақстанда ұлттық аза күні ретінде жарияланды. 

Осы күні мемлекеттік мекемелер төбесіндегі тулар төмен түсірілді. Халық жаппай аза тұтты. Мемлекеттік теле-радиоарналарда көңілашар ойын-сауық бағдарламаларын тоқтатты. Алайда, мемлекеттік емес жергілікті теледидарлар мен радиолар бұрынғысынша ойда түк жоқ, әләуләйлатып қызметін атқарып әндетіп, тойлатып жатты. Сонда қалай, мемлекеттік емес жергілікті теледидарлар мен радиолар мемлекеттен тысқары өмір сүре ме? Аза күні Қазақстан территориясын мекен етіп, осында өмір сүріп жатқан барлық жанға ортақ болмас па? Мемлекеттің туы төмен түсіп қаралы күн туып жатқанда бұлардың бұл қай дандайсығандары?! 

Бұған да шаңырағыңа қара деп неге айтпасқа! Мемлекетті менсінбейтін бұ кімдер?

 Қарамер

 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Арқан кергенде опат болғандар:
    Алтынбек Кереев, 27 жаста (Орал обл.) отряд командирі, Нұрлан Мұхашев, 21 жаста (Қарағанды обл.), Ағанас Қамбар, 21 жаста (Ақтөбе обл.), Әли Мақсатов, 20 жаста (Ақ төбе обл.), Жанат Ильясов, 19 жаста (Жамбыл обл.),
    Нұржас Усипалиев, 21 жаста (Жамбыл обл), Мейрхан Иманов, 19 жаста (Атырау обл.), Жеңіс Дәулетұлы, 19 жаста (Атырау обл.), Данияр Балғабаев, 19 жаста (Атырау обл.), Бекзат Әмірбаев, 19 жаста (Атырау обл.), Денис Рей, 19 жас (Павлодар обл.), Ерлан Акишев, 23 жаста (Алматы обл.),
    Талғат Сарсенбаев, 28 жаста (Алматы обл.), Рүстем Ақылбаев, 21 жаста (Алматы обл.), Руслан Ким (қорықшы). «КУРСИВ.kz»-тен алдым

  2. «Интерфакс-Казахстан» хабарлайды: “Челах қылмыскер мойындады”.

  3. Онда В.Челахқа батыр атағын беру керек. 1:15 ғажап! Қазақтың ең сақ, ең қырағы, ең мықты деген сайыпқырандарын қырып тастаған.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі