//

Алматы облысында 7 адамның өлі денесі табылды

511 рет қаралды
1

Бұл туралы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап Total.kz сайты хабарлайды. Қазіргі таңда қылмыс орын алған аумақ толығымен құқық қорғау органдарының бақылауында. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде. Алғашқы екі мүрдені Тау самалы поселкесінен 30 километр жердегі өртенген қорықшы үйінен тапқан. Қорықшы үйінен 2 километр аумақта тағы да 3 өлі денені: екі ер адам мен бір әйел адамның денесі табылған.

Белгілі болғандай, қылмыстың себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарындағы дерек көздің мәліметіне сенетін болсақ, табылған денелердің кейбіреуінен дене зақымдары мен пышақ жарақаттары анықталған. Алайда, бұл мәлімет әлі ресми түрде расталмады. Алдын-ала берілген ақпарат бойынша, өлі денелерді жергілікті қорықшы тапқан. Істің мән-жайы анықталуда.

Атап өту керек, бұл Тау самалы ауылындағы алғашқы орын алған жағдай емес. Осы жылдың шілде айында жеке меншік үйлердің бірінде жарылыс болды. Құтқарушылар үй ішінен жеті адамның денесін тапқан. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құраған. Онымен бірге, үй ішінен қару-жарақ табылған. Тергеу тобының айтуынша, үйдің өртенуіне қолдан жасалған жарылғыш зат себеп болуы мүмкін.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі