//

Лондон: қазақ ауылында күнде той

1128 рет қаралды
3

Майя Манеза чемпион болған күні Лондондағы “қазақ ауылында” тағы да жиын өтті. Бұл маслихатта Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев «бес алтын аламыз» деп мәлімдеме жасады.

Лондонда жүрген белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, олимпиададағы қазақ ауылында күнде той.

– Лондондағы қазақ ауылына жиналушылар көп. Лондонда оқып жатқан студенттер, Ұлыбританияда тұрып жатқан қазақтар, осы елдегі қазақ қауымдастығының өкілдері ауылға келіп, спортшыларымызбен жүздесіп, құттықтап жатыр. Алтын алған үш чемпионымыз да ауылға келді. Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев алдағы уақытта қазақ ауылында тағы да жиындар өтетінін мәлімдеді. Төраға «Бұл жолы «бес алтын» деп отырмыз. Ендігі жиында алға қойған алтынымыздың санын тағы өсірейік» деді. Қазақ ауылына жиналу ерекше дәстүрге айналды, – деді ол.

Несіп Жүнісбаевтың айтуынша, Лондонда қазақ спортшыларын қолдауға келген жанкүйерлердің саны көп.

– Лондонда қазақ жанкүйерлері көп. «Болашақ» бағдарламасының студенттері мен Қазақстаннан келген жанкүйерлер спортшыларға тамаша қолдау көрсетіп жатыр. Үш алтын алған соң, қазақ жанкүйерлері Лондонда жоғары құрметке ие болды. Көшедегі туристер мен ағылшын полицейлері көк жейделі қазақ жанкүйерлерімен суретке түсіп жататын болды. Барлығы Қазақстанның жеңісіне таңғалып жатыр. Үш алтынның арқасында Қазақстан жанкүйерлері Лондонда құрметке бөленді, – деді ардагер журналист.

Майя Манезаның жеңісінен кейін Ресей ауыр атлетика федерациясының президенті Сергей Сырцов “қазақ ауылына” арнайы келіп, «жеңістің таза әрі әділ» екенін айтқан.

 Басқа елдің журналистері де Қазақстан спортшыларының жеңісіне таңдай қаққан.

Руслан МЕДЕЛБЕК, Азаттықтан

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ей, қазақтар, сендердің төбелеріңді қашан көреміз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі