//

Ақсай шатқалындағы қанды қырғынға кім кінәлі?

836 рет қаралды

Алматы облысының Іле-Алатау ұлттық саябағында өлтірілген 12 адамның қазасына кінәлілер табылды дейді Қазақстанның ІІМ. Құқыққоррғау органдарының мәліметіне сүйенсек, бұл қылмысты діни экстремистік топ жасаған. Олардың кім екендігі анықталған.
«Олар Алматыда заңсыз тұрып жатқанына қарамастан, тұратын мекен жайларын жиі ауыстырып келген. Олардың ішінде биыл шілде айында өзінен өзі жарылып кеткен Таусамал кентіндегі үйді, арнайы опреация кезінде бұл топтың көбіні көзі жойылған тұрғандығы мәлім болды» – дейді ІІМ ақпараты.   Топтың аман қалған 1975 және 1978 жылдары туған  екі мүшесі іздестірілуде.
Бұл екеуі туралы ІІМ мәлімдемесінде:
–  Бұлар Исламның радикалды бағытының мүшелері. Қарулы. Әрі құқыққорғау органдарының өкілдеріне қарсы теракт ұйымдастыруы мүмкін. Олардың мақсаты полицейлердің формасын пайдаланып, Облыстық ішкі істер басқармасының ғимаратына ену.
Естеріңізде болса, Қазақстанды дүр сілкіндірген жаппай кісі өлтіру фактісі биыл тамыз айында Ақсай шатқалында болған еді. Алматы облысының Іле-Алатау ұлттық саябағында 12 адамның мәйіті табылған болатын. олардың ішінде браконьерлермен белсенді түрде күресіп келген белгілі орманшы, саябақ қызметкерлері, қорыққа серуендеп келушілер бар.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі