//

Арқанкерген: ДНК сараптамасы не дейді?

1748 рет қаралды

Бас  әскери прокуратура  өкілдері «Арқанкергендегі» қанды қырғында опат болған сарбаздардың мәйіттеріне неміс мамандары жүргізген молекулярлық-генетикалық сараптама нәтижесін жария етті. Жұрт 2 айға жуық күткен бұл қорытынды көңілдегі күдікті қоюлата түсті. Өйткені, сараптама нәтижесі бойынша,  3 мәйіттің 2-еуі қаза тапқан сарбаздардыкі болмай шықты. Неміс мамандары Рүстем Ақылбаевтың ДНК жасушыларын  ғана анықтаған. Ал қалған 2 сарбаз – Денис Рей мен Мейірхан Именовтардың тірі не  өлі  екендігі жайлы сауалды Бас  әскери прокуратураның баспасөз хатшысы жауапсыз қалдырды.

Ал, балалары «Арқанкергенде опат болған» дейтін жаманат хабар естіген  3 ата-ана 4 айдан бері олардың  өлі-тірісін біле алмай дал.

– «Арқанкерген» шекаралық заставасының  әскери қызметкерлерінің  өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу шеңберінде қазақстандық сарапшылардың қорытындысына сәйкес, 11  әскери қызметкердің мәйіті танылған болатын. Д.Рей, М.Именов және Р.Ақылбаевтың мәйіттері танылмады. Осыған байланысты, Берлин қаласындағы құқықтық медицина институтымен молекулярлық-генетикалық сараптама  өткізіліп, оның тұжырымы бойынша Рүстем Ақылбаевтың мәйіті танылды. Қалған мәйіттерде неміс сарапшыларымен тұлғаны тануға жарайтын ДНК жасушылары анықталмаған, – дейді Бас әскери прокуратурасының баспасөз хатшысы Әкбар  Әбділдин.

Баспасөз хатшысының мәлімдемесінен кейін Астана қаласындағы «Сарбаздар аналары комитетін» басқаратын Людмила Костенко болса,ата-аналар сараптама қортындыларына сенбеу керектігін айтады

– Мен ата-аналарға бұл сараптама қорытындысына «сенуге болмайды» дегенмін.  Өйткені, олардың қолдарында құжаттардың түпнұсқалары жоқ, барлығы көшірме  ғана. Сараптама нәтижесімен келіспеген ата-аналар ол қағазбен еш жерге наразылық та таныта алмайды, – дейді Костенко ханым.

Естеріңізге сала кетейік, өткен мамыр айының  31-і күні Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара заставасының түгелдей жанып кеткені туралы хабар тараған болатын. Отқа оранған бекеттен 14 сарбаз бен қорықшының мәйіті табылған. Басты күдікті деп танылған   сарбаз Вадислав Челах қазір қамауда. Басында айыбын толық мойындаған ол кейіннен  бәрін тергеушілердің қысымымен айтқанын алға тартып, алғашқы   сөздерінен айнып шықты. Содан бері 4 ай ға жуық  өтсе де, 15 адамның  өмірін қиған қылмыстың жұмбағы шешілер емес.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі