///

Айтыс тұңғыш рет ағылшын, қытай тілдеріне аударылды

1195 рет қаралды
5

Жақында қазақтың атадан қалған арда өнері − айтыс Қытай қазақтары жағынан ағылшын және қытай тілдеріне аударылып, баспадан шықты.

Шыңжаң өлкесіндегі қатысты басшылар мен ШҰАР Әдебиет, көркемөнер бірлестігінің және Жазушылар қоғамының қолдауында Шыңжаң жастар, өрендер баспасынан жарық көрген бұл жинаққа «Жақсы мен жаманның айтысы», «Біржан мен Сараның айтысы», «Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы», «Әсет пен Ырысжанның айтысы», «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», «Таңжарық пен Қойдымның айтысы», «Құрманбек пен Жамалқанның айтысы» сияқты қазақтың мысал айтыстары мен қазақтың танымал айтыстары енгізілген.
Қытай қазақтарынан шыққан танымал аудармашы Қайша Тәбарәкқызы айтыстың қытайша бөлімін тәржімаласа, Жақыпбек Әріпжанұлы, Сауыт Жұртбайұлы, Ясин Рахметжанұлы бастаған аудармашылар ағылшын тіліне аударды.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ақындар айтысы 2006 жылы Қытайдың материалдық емес мұраларды қорғау тізіміне енген екен. Содан бері айтыс зерттеу жөнінде мемлекеттік, халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, талқыға түскен баяндамалар қытай және ағылшын тілдеріне аударылып, жинақ ретінде аспадан шыққан болатын.

Осыған дейін Шыңжаң жастар, өрендер баспасы қазақтың байырғы заман, таяу заман, осы заман айтыстарының 6 томын жұртпен жүздестіріп, айтыс өнерімізді өркендетуге, зерттеуге үлкен үлес қосып келеді. Бұл реткі тұңғыш рет ағылшын, қытай тілдерінде жарық көрген кітап айтыс өнерінің әлемдік деңгейде насихатталуына жол ашып отыр.

Майгүл СҰЛТАН

Дереккөз: baq.kz

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Қуаныштымын! Төл өнерімізді жер жаһанға асқақтататын уақыт жетті.Бұл несібелі істі қолға алып, мұрындық болған азаматтарға ризамын! Жарайсыңдар!

  2. Мен де қуаныштымын! Расында да, ой қуатын, өнр қадірін бағалай білетін қазақ барда шынайы өнердің ажары солғын тартпай, қайта бар қызуымен жарқырай түссе керек! Лайым солай болғай!

  3. Қуаныштымын! осылай қазақ өнерін әлемге шарықтатып,айтыс өнерін барша шет елге танытып журген жастарымызға мыңда бір алғысымызды айтамыз…!

  4. Иа, бұл жағалыққа қуаныштымын. Бұрыңғы айтысымызды кітапқа жазып, бірақ қазіргі айтысымызды жауып тастадық қой. Шындықты айтып шырылдайтын бозторғай ақындарымыздың сөзі күрмеліп, ойы тұсауланып тасталды. Шынында, қазақ жұрты Жүрсін жүргізетін айтысты сағынды ғой…

  5. Қарап отырсақ, бұл жинаққа қазақтың бетке ұстар, сөйлегенде тау жаратын ақын-айтыскерлер еніпті. Бұл өте жағымды да қуанышты хабар.
    Ағылшын Қытай секілді алпауыт елдерге осылай қазақ әдебиетінің төл туындылары тарап жатқаны, уақытты құр өткізбегеніміздің белгісі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі