/

Ақ теңіз, Алтай арасы

1123 рет қаралды
2

 ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақ теңіз бен Алтай арасындағы түркі бауырлардың басы қосылса ықпалды елге айналар еді»,– деді.

«Ақ теңіз бен Алтайдың арасында екі жүз миллионнан артық біздің қандастарымыз бар. Олардың басы қосылса, дүниежүзіндегі ең үлкен бір ықпалды ел болып, шығатын едік», деді Елбасы. 

Түркінің ішінде жігіттің сұлтаны – қазақ – Н.Назарбаев 

 ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. «Түркінің ішінде жігіттің сұлтаны – қазақ». Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. 

«Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін біз Ресей патшалығының,  одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ деген халық өзінің ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, дәстүрін ұмытуға аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен түрік деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде қазақ дейді. Сол қазақ бізбіз», деді Елбасы. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 1991 жылдың 16 желтоқсанында күндізгі сағат 4-те Қазақстан Парламенті тәуелсіздік жариялағандығын, 1 сағаттан кейін марқұм Тұрғыт Өзал қазақ елін құттықтағандығын атап өтті. 

«Түрік мемлекеті дүние мемлекеттерінің ішінде ең бірінші болып біздің тәуелсіздігімізге қуанды, біздің тәуелсіздігімізді мақұлдады. Біздің халық оны еш уақытта ұмытпайды», – деді ҚР Президенті. Қазақпарат

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. жарықтық, айтуын айтудай-ақ айтқан екен. Біреудің іші жарылып өліп кетпес болды.

  2. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
    Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
    Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
    Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
    Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
    Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі