//

«Қасымның әндері-ай» атты ән кешіне шақырамыз!

2321 рет қаралды

Қан майданның  қақ ортасында жүріп,  қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі – Қасым Аманжолов еді. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, тыңдарманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын өз үлесін қосып кетті.

Қасым Аманжолов  шығармаларын ұлықтап, бұқара халыққа насихаттау мақсатында, үстіміздегі жылы қарашаның  28 жұлдызында cағат 19.00-де Қарағанды  қаласындағы  Кеншілер сарайында  ақынның  өз әндері мен өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалардың концерті өтеді.

«Қасымның әндері-ай» атты бұл ән кеші Қарғанды қаласында тұңғыш рет  ұйымдастырылып отыр.  Бастамашы топтың төрайымы – белгілі әнші, продюсер Гүлбаршын Тергеубекова.

Атаулы кешке қазақ эстрадасының тарландары мен дәстүрлі әншілер және қарағандылық белгілі ақындар қатысады.  Ақындар қауымы Қасым Аманжоловтың рухына бағышталған жалынды жырларын  оқиды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі