///

Жаңа спорт порталы ашылды

735 рет қаралды
2

Ассалау мағалейкүм, алаш жұрты! Ардақты спорт сүйер жанкүйер қауым!

Ақырзаман таяғанда бізде аштық,  мінекей, өз сайтымызды. Әзіл ғой әрине. Спорт порталын ашу- бұрыннан бері маза бермей келген арманым еді. Шыққан тегім «Аламан». Алғаш спорт тақырыбына қалам тартуыма себепші болған Руслан Медельбек.  Ал енді сіздерді спортжурналистика айдынындағы жаңа порталмен  таныстырсам. Атауы айтып тұрғандай сайттың негізгі тірегі – сараптамалық мақалалар болмақ. «Sportsarap» атауының авторы ардақты ағамыз, журналистика саласында орны ерек Серік Сарыбаев. Ал рухани қолдау көрсеткен Мақсат Сләмбек.

«Басқа сайттардан не айырмашылық болады?» дейсіз ғой. Біріншіден – жазу стилі. «Сүйтті, бүйтті, орын алды» дегенді өзге сайттардан да оқып жүрсіздер. Біз жауырынды болған , жаттанды сөздерден қашып , жаңалықты ерекше етіп беруге тырысамыз. Порталда түрлі айдарлар бар. Тетікті «тық» етіп басқан айдарыңыздың атауы «редактор бағаны». Мұнда, мен, оқырмандармен ой бөлісіп, әр апта сайын қазақ спортындағы мәселелер жайында жазамын. «Спорт қызықтары», «Фотобаян» сынды айдарлар да көңіліңізден шығар деген ойдамыз.

Сайтқа жан бітіріп, жауқазындай жарқыратқан жігіттің аты-жөні Мейіржан Әуелханұлы. Болашақта сайттың авторлық видео сюжеттері жарыққа шығады. «Түрлі қызықтар» деген атпен жарияланатын «приколдарды» көріп езулеріңізді тарттырмақпыз. Ал іске сәт! Сізге де бізге де! Айтар ұсыныстарыңыз яки сыныңыз болса ықыласпен қабылдаймыз. Автор мен оқырманның диологы материалдың сапасына жақсы  әсер етеді. Сондықтан тартынбаңыздар, сіздерді әріптестікке шақырамын.

Ізгі тілекпен, Олжас НҰРАЗХАН

www.sportsarap.com

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ассалямуағалейкум! қадамдарыңызға гул бітсін!!! спорт жаңалығын осы сайттан көруге бола ма? барлық спорт түрін жазасыздар ма?көбінесе күрес туралы қалып кетіп жатады.Жалпы спорт тақырыбын бөлек жариялағаныңыз өте дурыс шешім деп ойлаймын.Ал,Олжеке сізден жақсы жаңалықтарды оқуға дайынмын!..

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Жолдас Өрісбай: “Қара нәсілді жүргізушіні ақ нәсілді офицер атып өлтірді” АҚШ-тың Миннесота штаты Миннеаполис қаласындағы жайт жаңа бір қақтығысқа негіз болуы мүмкін

“Қара нәсілді жүргізушіні ақ нәсілді офицер атып өлтірді” АҚШ-тағы нәсілдік мәселені тағы да ушықтырған жағдай туралы

Гүлнұр Пасат: Оңтүстік Кореяда адамды бала кезінен еңбектенуге, жауапкершілікке баулиды. Ал бізде “Еңбексіз-ақ ақша табуға болады” деген ниеттегі адамдар көп

Гүлнұр Пасат – Оңтүстік Кореяда медициналық туризм бойынша дәрігер-кеңесші. «Денсаулық Тур» компаниясының негізін қалаушы. Шетелдік азаматтарға

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, журналист, “Жетісу” телеарнасының директоры: Қазіргі журналистика көмейіне шүберек кептелген адамның ыңырануы іспетті

Ақпараттың нөпірі оқырманға оңды-солын танытпай тасып жатқан кезең журналистиканы да бағытынан адастырғандай. Кей жанрын жоғалтқан саланың

Жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданды. Сонда Жер комиссиясының пікірі қайда қалады?

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының