//

Қазақстан ураны Ресейдің бақылауына көшті ме?

886 рет қаралды

Қазақстандық «Форбес» журналы «Казахстанский уран переходит под полный контроль России» деген мақала жариялапты. Осындағы деректерге сүйенер болсақ,  уран қоры жағынан әлемде 2-ші орынды иеленетін Қазақстанның басты жер асты байлығының 100 пайызын Ресейліктер өз бақылауына алса, қытайлықтар мұнайдың 70 пайызын бақыласа, еліміздің екі алып көршінің ортасына тұншықпасына кім кепіл? Сонымен, «Форбес» журналының деректері не дейді? Ресейлік АРМЗ уран холдинг канадалық Uranium One компаниясының 100 пайыз акциясына ие. Бұл компанияның бизнесі Қазақстанға бағытталған. Ресейлік мемлекеттік уран компаниясы канадалық Uranium One Inc компаниясының қалған пакеті үшін 1,3 миллиард доллар төлеуге келісті. Reuters агенттігінің жазуына қарағанда уран өндіру жағынан әлемде жетекші рөлге ие Кеңестер одағының мұрагері уран жеткізудегі өз рөлін нығайта түскісі келетін көрінеді.

www.forbes.kz порталы мәлім еткендей “Атомредметзолото” АҚ-ы және оның еншілес компаниясы, қазақстандық «Қаратау» және «Ақбастау» уран кен орындарының иесі, голландиялық Effective Energy N.V әлемде уран өндіру жағынан екінші орында тұрған, құны 2,8 миллард деп бағаланған канадалық Uranium One компаниясының қалған бөлігін сатып алатындықтарын мәлімдеді. Uranium One компаниясының акциялар пакетінің 51,4% пайызын иеленетін АРМЗ 2,86 канада долларын төлейтін болады. Бұл соңғы құнынан 19%-ға артық. 1,3 млрд АҚШ доллары тұратын сатып алу АРМЗ-ға бұрынғы кеңестік мемлекеттердің уран активтерін бақылауына мүмкіндік береді және Австралия мен Оңтүстік Африкадағы қорларға жету мүмкіндігін кеңейтеді.

Бүкіләлемдік ядролық қауымдастықтың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан әлемде уран қоры жағынан екінші орынға табан тірейді. Және Канададағы уран қорынан екі есеге артық кен орындары табылған. 2004-2011 жылдары аралығында Қазақстанда уран өндірісі 5 есеге артқан. Қазір әлем Қазақстанды ірі уран державасы санайды. АРМЗ – Ресейдің атом энергиясы жөніндегі корпорациясы Росатомның өндіруші еншілес құрылымы. Канада компаниясы Uranium One директорлар кеңесінің ұйғарымымен сатып алу 2013 жылдың екінші тоқсанында  жүзеге асатындығы жөнінде мәлімдеді. Қазақстанның уран өндіруші ұлттық компаниясы «Қазатомпромның» жетекшісі Владимир Школьниктің жақын туысы Вадим Живов АРМЗ директорлар кеңесінің төрағасы және «Росатом» мемлекеттік компаниясының басқарма мүшесі.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі