//

Алматыда Иран ядролық бағдарламасына орай келіссөз басталды

656 рет қаралды
2

Алматыдағы Риксосс қонақ үйінде Иран ядролық бағдарламасына орай келіссөздер басталды. Әлемнің 30 елінен келген 250-ге тарта журналист келіссөздер барысынан ақпарат күтіп, Интерконтинентал қонақ үйінде арнайы жасақталған баспасөз-орталығына жиналды. Ресми мәліметтерге қарағанда, келіссөздер Астана уақытымен сағат түскі 1.30-да басталды. Барынша жабық есік жағдайында өтіп жатқан “Иран келіссөздері” 3+3 тұрпатында жүргізілуде. Яғни, 3 еуропалық, үш азиялық өкілдердің келіссөзі. Бұндай келіссөздер бұған дейін 2012 жылдың сәуір айынан бері үш рет өткізілген. Алайда, Иран өз ядролық бағдарламасы жөнінде нақты ақпарат бермеуі арқылы, батыстық әріптестерінің күмәнін тудырып отыр. Алғашқы келіссөздер нәтижесі бойынша ЕО-ның сыртқы істері мен саяси қауіпсіздігі жөніндегі жоғары уәкілдің баспасөз хатшысы Майкл Манн журналистерге арнайы брифинг өткізді. Оның мәліметтері бойынша, келіссөздер әзірге нақты нәтиже бермей отыр. Бір сағат көлеміндегі келіссөзге тек ағылшынтілділер қатысқан. Әзірге Иран тарапынан қандай ұсыныс болатыны беймәлім. Дегенмен, ЕО өкілінің баспасөз хатшысы бұл келіссөздердің қандай да бір нәтижесі боларына сенімді екенін айтты. Стамбулда өткен кездесуде Иран өз ядролық бағдарламасы жөнінде ақпарат беруге келіскен. Қолда бар мәліметтер келіссөзге  ЕО-ның сыртқы істері мен саяси қауіпсіздігі жөніндегі жоғары уәкілі Кэтрин Эштон, Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Саиид Джалили, Германияның Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелері бойынша директоры Ханс-Дитер Лукас, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелері бойынша департаментінің директоры Саймон Гасс, ҚХР СІМ көмекшісі Ма Чжаосюй, Ресей Федерациясының СІМ Сергей Рябков, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелері бойынша орынбасары Уэнди Шерман, Өкілетті кеңесші, Францияның СІМ саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша бас директоры Жак Одибер қатысуда. Қазақстан тарапынан келіссөзге ешкім қатысқан жоқ.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ылғи екінші үшінші деңгейдің өкілдері келген екен.Бұдан не мандыған нәтиже шығады дейсің. Әйтеу құр дақпыртқа құмар біз үшін жасалына салынып жатқан бір бас қосу екен ғой

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі