//

Қазақ интернеті жаңа жастар порталымен толықты – “Қалайсың”

697 рет қаралды

Жастық шақ – адам өмірінің көктемі. Ақындар жырға қосатындай, қайта айналып келмейтін өмір кезеңінде адамды алдынан мың сан тарау мен таңдау, үміт пен арман тосады. Болашаққа құрған жоспарлардың бәрі тек қана қиял әлеміндегі қол жетпес сағым болып қалып қоймай, шын мәнінде жүзеге асуы үшін адам баласы өмір желкенінен ұстап, ағыстар мен дауылдарға, кедергілер мен тосқауылдарға қарамастан, алға жүруге міндетті. Бұл – жастық шаққа тән қасиет.

ХХІ ғасыр – жер бетінде бұған дейін болмаған тың серпілістердің, ғаламдық ғажаптардың, дүниені дүр сілкіндірген құбылыстардың ғасыры. Әмәнда кез келген оқиғаның қозғаушы күші – ЖАСТАР. Қазақ жастары –Сұлтанмахмұтша айтқанда, жаңа ғасырдағы халықтың төбесіндегі Күн, көңіліндегі Үміт,  санасындағы Сәуле.

Әр ұлттың жас буынына қарап өзге халықтар оның даму деңгейін, ілімі мен ғылымын бажайлап, болашағына болжал жасай алады.  Жігерлі, жалынды, еркін, білімді, жүректі ЖАСТАРЫ бар мемлекет ертеңіне нық сенімді. ХХІ ғасырдағы әлемдік бәсеке өзгеше мінез көрсетіп, өзінше тұлға болуды талап етеді. Ал біз, қазақ жастары бәсекенің бел ортасында жүргендіктен, өз бойымыздан сол қасиеттерді іздеп табуға тиіспіз.

«Қалайсың» жастар порталына қош келдіңіз, Жас Қазақ!

“Қалайсың” ұжымы

Сілтеме:

http://www.kalaisyn.kz/

http://www.qalaisyn.kz/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі