//

ӘДІЛЕТ ІЗДЕГЕН ӘЛЕМ ОЙШЫЛДАРЫ

799 рет қаралды

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ,

ҚР мәдениет қайраткері

(Ғылымитанымдық эссе)

Сөз басы

3x4_Kuandik_ShamahaiБүгінгі қазақ оқырманын еш нәрсемен таңдандыра алмайсың. Себебі, қазіргі заман ақпарат дәуірі. Түпсіз терең мұхит іспетті Интернет жүйесіне кіріп, бірер түймені бассаң қалағаныңды табасың. Гүгл деп аталатын әлемдік кітапханаға бір кіріп алсаң шығуың қиын. Сенің қандай сауалыңа да ол мүдірмей әрі жан-жақты жауабын санқилы нұсқасымен қай тілде болса да ұсынуға әрдайым әзір тұрады. Оның сыртында баспадан жарыққа шығып, қолдан қолға тарап жатқан түрлі түсіндірме сөздіктер мен анықтамалық энциклопедиялар да толып жатыр. Бүгінгі қазақ оқырманы өзіне қажет дүниені кем дегенде үш тілде тауып алуға қабілетті.

Сонау ежелгі дәуірде Кіші Азия аумағында ғажайып өркениет гүлденгенін, аттары әлемге әйгілі көптеген ойшыл ғұламалардың ғұмыр кешкенін бүгінгі саналы азаматтар өте жақсы біледі. Осындай кезеңде бірнеше тілдегі ақпаратпен күнделікті сусындайтын талғамы биік қазақ оқырманына тың ой тауып айтудың өзі қиямет қайым.

Жалпы адамзат күні бүгінге дейін Ежелгі Грек даналарымен мақтанады. Гераклит, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотелді білмейтін адамды мәдениетті зиялы жан деуге келмес. Айта берді, оларды орта мектеп оқушыларының да жатқа соғатындығына таңдануға болмас. Себебі, олар пифагор теоремасын оқи бастағанда-aқ, Пифагор және  пифагорлар деген кімдер еді, олардың «Достық одақ» дегенінің сипаты қандай болды, несі дұрыс, несі бұрыс дегенге көз жеткізе бастайды.

Ежелгі дәуір ғұламаларының ақиқаттың жолын табуға барын салып, шын ниетімен шаршап-шалдығуды ұмытып шарқ ұрулары танымға талпынып, ғылымға ұмтылған кез келген зерделі жанға үлгі-өнеге болары мәлім. Осындай бір ізгі ниетпен өзінің жоғын рухани әлемнен іздеп, жан дүниесін байытуға зер салатын талғамы биік оқырманға Ежелгі Грек даналарының ақиқатты іздеген жолдарындағы көрген-түйгендеріне басқаша бір қырынан өзгеше пайымдауға тырысып, ой жүгіртуді жөн санадық.

Жалғасы:

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі