/

Ақордада: «Көктем шуағы» кездесу

581 рет қаралды

nazgul 11
Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі өтті

Қазақстан Президенті қатысушыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. «Бүгінде мемлекеттің әйелдерге деген қамқорлығының арқасында Қазақстандағы демографиялық жағдай жақсарды. Әрбір әйелге жаңа ұрпаққа өмір сыйлау, балаларды тәрбиелеу сияқты биік те киелі міндет жүктелген. Ана – адам баласы айтатын ең әдемі сөз. Бұл орайда мені барлығы қолдайды деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының қабылдауында болған әйелдер арасында екі-үш жыл бұрын дүниеге бір жолда төрт нәресте әкелген, Алматы қаласының тұрғыны НәзгүлҚуанған да болды. Осы төрт сәби дүниеге келген күннен бастап олардың күнделікті жағдайы, денсаулығы, өсіп-өнуі, жергілікті әкімшіліктің адам баласы тірлігінде сирек кездесетін құблысқа мән бән беруі, қамқорлығы туралы   Мінбер.кз күні бүгінге дейін өз назарынан тыс қалдырмаған болатын. Ал бүгінгі ең бір тамаша мереке күні Елбасының қабылдауында сол Ананың болып, Ел Президенті қолынан сый-сыйапатқа ие болып жатқаны біз үшін де аса қуанышты, күтпеген уақиға болды. Елбасы қабылдауында төрт сәбидің анасы Нәзгүл сөз алып, президентке және жергілікті әкімшілікке алғысын білдіре келе, «төрт» ұғымының қазақ үшін киелі сөз екенін, мәселен, «төртеу түгел болса төбедегі келеді, төрт құбылаң тең болсын» қатарлы қазақ мақал-мәтелдер елді бірлік-берекеге, ынтымақ-татулыққа уағыздайтын атап өтті.

Кездесуге  қатысқан басқа әйелдер де сөз алып, отбасы, әйел және бала мәселесіне қатысты тиімді мемлекеттік саясат үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

Құтты болсын, Аналар, 8- наурыз мерекелеріңіз!!!

Мінбер-ақпарат, Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,