//

Қытайда қазақы төбеттердің көрмесі өтті

2765 рет қаралды
6

Қытайдың қазақтар жиі шоғырланған Алтай аймағы Шіңгіл ауданында қазақы төбеттердің екінші реткі көрмесі өтті. Тұқымы құрып бара жатқан қазақы иттерді салмағына, биіктігіне, тұлға-бітіміне қарай бет төбет, бес қаншық жиыны 10 ит қаржылай, 3000 қытай юаньымен(72 мың теңге) сыйланды. Марқұм этнограф Жағда Бабалықұлы қазақтың таутөбет иттері жайлы: «Таутөбет – тау, таудай, үлкен, ірі, дәу, кесек дегеннен туған сөз. Таутөбеттер үйшікке жатпайды. Қар немесе мұз үстіне жата салса да, аязға еш тоңбайды. Әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақтың таутөбеті ең ірісі болып табылады. Оның кеудесі, мойны, тұмсығы – жуан, басы, аузы – үлкен, тістері – ірі, езулері салақтап жүреді. Тұмсығы келтелеу болса да, жуан болып келеді. Жүні қалың, ұзын қылшықты. Бас жүні бет-аузын жауып тұрады. Құлақтарын да жүн басып алған. Денесін де қалың түбіт қаптаған. Екінші түрінде жүні сәл тықырлау, алайда түбіті қалың шығады» деген.

Назарларыңызға шара барысынан фотобаян, фото авторы: Ержан Шәбілұлы

185817964i7i9ha6714di9 18582988rn5k8oed5w9k99 1900583hqiqqai6itgvgq6 1858394l48a4844gd4rz8d 190054zzz3uq4k46uo3qoc 190044fcl94jwz9j72qx4x 190020win2ckuo575mcizw 190009vcvqpck1pz39ivcr 190004mo522242o7ow6m72 190001kmsffbb5mfbcxoxa 185958oenxyyybxz4bieue 185954tiqcnriolfnnmq2n 185950ntt0i9rlfyriry7d 185946zmjd688mj1c1h8lb 185929s8zgvggi8swkz2gx 185922am4m9aaxmxpsxpvt 185911xbjebi7iida2rinp 185907i3m754zl7rdgk7ra 185903hjuky0rzyonhegj3 185857i0y2mvdlxmiyvaiv 185851sa5n2n6ur6nn6d5c 185834cl85i788buii768r 185824vtaf4tyttqfhtt5q

185820j8vz9t4si1q39q3r

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Төбеттердің нағыз таза тұқымы осы өңірде сақталған болуы әбден мүмкін, қытай бұны да иемденіп кетуі де бек мүмкін

  2. Бақытбек аға! Осы төбеттердің тұқымдарын жедел түрде елге жеткізу керек!Осылар тибеттын догына уксас. Төбеттердің арғы атасы осы дог пен кара қасқыр деп айтады.

  3. Жігер, мен бұл иттердің тұқым тегін, қайдан шыққанына зер салған адам емеспін. Алайда төрт елдің еншісіне тиген Алтайдың арғы-бергі бетінде тайыншадай жуан төбеттер әлі күнге бар. Менің нағашыларымда Ақаю атанға ақ ит болыпты. Сол бір түні жайлауда киіз үйдің есігін тырмалап, қыңсылап, жуан даусымен бір екі рет жай ғана арп етіп тыныштана қалыпты. Сонда, жарықтық нағашы апамыз, жастықтан басын көтеріп: “Әй, балалар, шығыңдаршы, әкелерің келіп қалған жоқ па?” деп сөйлей түрегеліпті. Бәрі дүркіреп түн ішінде сыртқа шықса, айнала жым-жырт, Ақаю да жоқ, қорадағы мал да күйісін қайтарып жайбарақат жатыр дейді. Сонда балалардың бірі: “Ой, апа, сіз де қызықсыз, шырт ұйқымызды бұзып, түс көргенсіз ғой” десіп, қайтада үйге кіре бастайды. Бірақ, нағашы апамыз қарайлап, үйден елу-алпыс қадам алыстап жол бойына көз салады. Сәлден соң арсалаңдап Ақаю келіп, апамыздың төсіне қарғып, етегіне орала беріпті. Апамыз, “ал-ал, шүйіншіңді, айтсаңшы енді, не болғанын” деп итпен сөйлеседі. Енесінің артынан еріп жүрген келіні “құдай-ау, мына кісі алжиын деген бе, итпен сөйлескені несі” деп ойлайды. Ақаю қайтадан қараңғыға сіңіп көрінбей кетеді. Келіні: “Апа, жүріңіз енді, жаздың қысқа таңын көз ілмей атырамыз ба” дейді. Апамыз келініне: “Сен барып, ұйықтай бер, мен Ақаюды күте тұрайын”
    дейді. Келіні енді бұрыла бергенде төменгі тұстан аттың дүбірі естіледі. Сәлден соң жалғыз атты адамның сұлбасы көрінеді. Жақындай келе атты адамды жанасалап,үзенгісіне жармасып келе жатқан Ақаю көрінеді. “Жүгір, бар, балаларды оят, құдай біледі бұл әкелерің, әкелерің болмаса Ақаю бүйтпес еді” дейді апамыз келініне. Сөйтсе, 1939 жыл “халық жауы” деген жаламен ұсталып, із-тозсыз кеткен, атамыз Қамшыбай жеті жылдан соң ауылына оралған екен. Атамыз ұсталғанда Ақаю әлде күшік, әлде бір жасар болатын дейді. Ақаю атамыз ұсталғанда да қозы көш жерге еріп барған деседі. Ал осындай адамнан да ақылды иттердің тегін тибеттікі деуге менің дәтім бармайды, Жігер. Сол догтардың арғы атасы мүмкін Ақаю-төбеттер шығар? Ал біз өзіміз де қасқыр емеген жұртпыз ғой…

  4. Керемет оқиға екен)))
    Бауырымызбен танысуға болама екен?

  5. Сәламатсыз ба! Қытайдан Қазақстанға сатып алуға болама екен күшіктерді? Телефоныңыз бар ма?

  6. Армысыз Отандастар!
    Мен бірнеше жылдан бермен қазақы ит төбет зерттеу, сақтау, жандандыру маселесін шешу жолдарын ізденудемін. Мына фотодағы иттердің бәрі бірдей төбет емес әрине, шаталаулары бар, жақсылары бар. Сосын Тибет иттері бөлек, қазақ төбеттері бөлек ұғым. Жаратылысы әр түрлі. Оны әр маманға дәлелдеп беремін. Дегенмен арғы беттегі қандастарымызда небір көз тартатын саққұлақтары жеткілікті. Тек бұл шаруаға келісімді жақындау керек. Бір екі қазақ емес, Ел болып көтеріліп қолға алмасақ әбден құрып кетуі мүмкін. Ресми түрде жиналып ақылдасайық. Қазақстанның өз жеріндеде осы иттермен бір морфотипты жақсы төбеттер бар. Тек олармен ешкімнің шаруасы жоқ. Алыс ауылдарда сонғы күндерін өткізіп жоғалып бара жатыр. Солардыда сақтауды ойланайық. Қызығушылығы бар отандастарымды шақырамын, маған хабарласыңдар 8 775 025 17 69 нөмірім. Ютубта “Спасение аборигенных собак Казахстана” деген каналым бар.

    Приветствую земляки! Уже много лет я занимаюсь проблемой поиска, сохранения и возрождения настоящих казахских собак. На этих фото, не все собаки являются тобетами. Есть определённое влияние тибетских пород. Но не надо думать, что Тибетский мастиф является предком наших пород. Это разные по морфотипу и происхождению собаки. Готов это доказать любому специалисту с учётом накопленного у меня фактологического материала. На территории Казахстана также имеются остатки прежних собак, и они тоже требуют немедленных усилий по сохранению, но разумеется без объединения казахстанцев, это невозможная задача. Если кто то всерьез заинтересован, то свяжитесь со мной по телефону 8 775 025 17 69. Также в Ютуб есть наш канал “Спасение аборигенных собак Казахстана”

    Hello! For many years I have been thinking with the problem of finding, preserving and reviving real Kazakh dogs. In these photos, not all dogs are Tobet. There is a certain influence of the Tibetan breeds. But don’t think that the Tibetan Mastiff is the ancestor of our breeds. These are dogs different in morphotype and origin. I am ready to prove this to any specialist, taking into account the factual material that I have accumulated. On the territory of Kazakhstan there are also remnants of former dogs, and they also require immediate conservation efforts, but of course, without uniting Kazakhstanis, this is an impossible task. If someone is seriously interested, please contact me by phone 8 775 025 17 69 or email: b.khibash@gmail.com. Also on YouTube there is our channel “Aboriginal dogs of Kazakhstan. Salviaton”

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі