///

Шетелдің озық оқулықтары қазақ тіліне аударылады

572 рет қаралды

Биыл жоғары оқу орындарының оқулықтарын шығаруға республикалық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстан жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған VIII  Республикалық конференцияда айтылды.

«Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша 2013 жылға 200 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржы 75 атаудан тұратын оқулықтар шығаруға жұмсалмақ. Оның ішінде бірінші рет 25 атаудан тұратын ең озық университттерде қолданыста жүрген шетел оқулықтары қазақ тіліне аударып шығару жоспарлап отырмыз. 9 наурыз күні Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов тақырыптық жоспарға қол қойды», – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Фатима Жақыпова. Оның айтуынша, оқулықтардың тақырыптық жоспары жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен 2014 жылы ол «ЕХРО-2017» көрмесі мен баламалы энергия көздеріне арналуы мүмкін. Былтыр базалық оқулықтар негізінен еліміздің индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес кадр дайындау үшін техникалық, жаратылыстану, ауыл шаруашылығы мамандықтарына арналды. Мемлекеттік бұл тапсырысты орындауға 36 аудармашы, 27 жоғары оқу орнынан 110 оқулық авторлары тартылды. Оқулықтардың жалпы таралымы 105 мың дананы құрады. Сондай-ақ АҚШ, Италия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің ең озық оқу орындарының нанотехнология, биотехнология, минерология, музыка, ақпараттық технология, дизайн мен  сәулет бағыттарындағы оқулықтары аударылды.

inform.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі