//

«Қазақ елі» экспедициясы өз жұмысын бастады

660 рет қаралды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен,  ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық келісім аясында ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросының ақпараттық қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы ел арасында зерттеулер жүргізуге аттанды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған студенттік экспедиция 2013 жылы 20 маусым 3 шілде аралығында «Елден елге» акциясы аясында студенттік ғылыми экспедиция еліміздің Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлерінде  зерттеулер жүргізеді. Экспедицияның шымылдығы ретінде Ғылыми кітапханада ұйымдастырылған конференцияға ҚР БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек қатысты. Ол аттанғалы отырған экспедиция мүшелеріне сәт-сапар тілей отырып, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірді. 

 ALM_0007 ALM_0020 ALM_0064 ALM_0083 (1)

Экспедиция жұмысы барысында аталған аймақтардың облыс әкімдіктері Жастар Саясаты және Ақпараттық саясат басқармалары мамандарының қатысуымен 3 дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Жалпы алғанда, бұл шараға үш аймақтан 150-ден аса қатысушы тартылған.

Ғылыми жорықтың нәтижесінде 2013 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан  Тәуелсіздігіне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де серіктес ұйымдардың –  ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы мен Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросы қолдауымен халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, онда «Рухани қазына» атты ғылыми зерттеулер жинағының тұсаукесері өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, аталмыш зерттеу нәтижелері «Қазақстан халқының материалдық емес құндылықтары атласына» енгізіліп, І Гуманитарлық Форумда таныстырылады.

Экспедицияның алға қойған мақсаттары мынадай мақсаттар алға қойды:

Экспедиция басым бағыттағы стратегиялық мақсаттар бойынша зерттеу журналистикасы дамуына ықпал етуді және БҰҰ Материалдық емес мәдени мұраны сақтау туралы Халықаралық Конвенциясына сәйкес Қазақстан халқының материалдық емес құндылықтарын зерттеу, таныту және сақтау мәселелеріне қатысты зерттеулермен танысуды алға мақсат етіп қойған. Сонымен қатар, БҰҰ мыңжылдықтар даму бағдарламасы аясында «Қазақстан 2015 жылдан кейін» аймақтардағы әлеуметтік маңызды мәселелерді зерттеуді, ЮНЕСКО-ның журналистика оқу бағдарламасы моделін енгізуге ықпал етуді де басты бағыт етіп алған. Және Қазақстанның ақпараттық кеңістігі арқылы халықаралық мәдениеттер тоғысының онжылдығына енуіне ықпал  етуді мақсат тұтады.

Сонымен қатар, ғылыми жорық барысында ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ауылға хат» ақпараттық науқаны аясында Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған «Ең үздік хаттар топтамасы» баспасөз маслихатында аталып, сондай-ақ өңірлердегі құзіретті ұйымдарға табыс етілмек.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі