///

Көк ала шырша көп пе? Көгілдір Туымыз биік пе?

1155 рет қаралды
8

Көк ала шырша көп пе? Көгілдір Туымыз биік пе?

tu 11jjjБұ қазақтың бишік үйірген биліктегілерінің, елдің тұтқасын ұстаған әкім-қараларының жігеріңді құм қылар енжар, санасыздығы деймін бе, әлде, құлдық сананың ұрқының ұрқына сіңіп кеткен сұмдық салдарының әліде арылмаған әсері, намыссыздығы деймін бе, қалай болған күнде де өзінікін – өз ұлтының ұлттық қасиетті құндылықтарын ысырып қойып, өзгенікін дәріптеуге келгенде алдына қара салмайды-ау. Баспаған, бармаған басқаны қояйыншы, мынау, өзім өмір сүріп жатқан Алматы қаласындағы жағдайды сөз етейін. Оның жалпы қазақстандық ортақтығы болуы әбден мүмкін ғой.

Алда жалпыға ортақ екі ұлық мереке келе жатыр. Олар Қазақ Елі үшін әрі қасиетті , әрі киелі, аса жоғары мәртебелі даталы күндер. Біріншісі, Тұңғыш Президент күні болып бекітілген елдік, жалпы халықтық мереке, ұлық күн  – 1- желтоқсан – Бірінші Президент күні. Бұл күні тойлаймыз, мерекелейміз, қызмет-жұмысты «жауып» қойып дем аламыз. Өйткені бұл – жылдық күнтізбемізде ерекше белгіленген даталы күн. Біздің тұңғыш президентіміз, елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазіргі Президентіміз!  Демек, бірінші желтоқсан Елбасын, оның өмір жолын Тәуелсіз Қазақстанымыздың ірге тасын бекітіп, өсіп-өркендеп, гүлденуі үшін атқарған қыруар іс-әрекетін, елімізді дүние жүзіне танытудағы қажырлы еңбегін насихаттау қатарлы іс-шаралар, алдын-ала, ай, апата бұрын  жасалуға тиісті емес пе? Алайда Алматы қаласынан ондай іс-шараның иісі де сезілмейді. Оның есесіне, Тұңғыш Президент күнін аттап өтіп,  40-50 күннен кейін келетін «Жасыл Шыршаға»  деген ынты-зарлықтан аяқ алып жүргісіз. Ау, сонда біз үшін Бірінші Президент күні, маңызды ма, әлде, «Жасыл Шырша»  қымбат ба?

Екінші мерекеміз, Ұлы Күн, Ұлыс Күні – Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан! Алты Алаш баласының Патшалық және Советтік Ресей империяның құрығынан құтылып, бодандық отарынан босанып, азаттық алған, өзін-өзі билейтін, өзін-өзі басқаратын, ешкімге тәуелсіз жеке мемлекет болып жер жаһанға Қазақ аты жарияланып, әлемге әйгілі болған күн. Ата-бабаларымыздың елінің еркіндігі, жерінің бостандығы үшін басын бәйгіге тігіп, басып билеген басқыншыларға қарсы үздіксіз жүргізген сан ғасырға созылған ұлы күрестерінің жеңіске жетіп, азаттық туын Алаш аспанында Тіккен Күн! Ендеше қазақ баласы үшін бұдан тартық даталы күн, ұлық мерекке болмалмайды да, болуға тиіс те емес. Ал осы мереке – Тәуелсіздік күні басқа даталы күндерден  артық, асыра, төтенше құрметпен ұлықталып, тойлану тиіс! Ал осы күнге орай Тәуелсіздікті ұлықтау іс-шаралары еліміз көлемінде әлде қашан басталып түрлі насихат жұмыстары жүріліп, әр кімнің мерекеге Ұлыс Күніне арнаған тарту-таралғы – ел үшін, жер үшін жасаған игі, озық істері отанының өркендеуіне қосқан үлесі сарапталып ұлан-асыр, думан-той, қызу еңбек қарқыны неге тасып жатпасқа. Ол жоқ! Оның есесіне көк ала шыршадан көз тұнады. Неге?

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Құлдық санадан құтылмағандықтың белгісі, үкіметтегі маргиналдарды жоғалту керек.

  2. Жаза,жаза жауыр болған тақырыптардың бірі. Былтыр да осы тақырыпқа ұқсас мақала жазған болатынмын еш нәтиже жоқ. Биыл тағы да Қостанай қаласында жаңа жылға дайындық 1-ші қарашадан басталды. 1- желтоқсан – Бірінші Президент күні,16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған бір де бір құттықтау жазылған плакаттарды да көрмейсің. Айта,айта Жамал апай қартайдының кебін неге киіп жүрміз?

  3. Алматыны шыршалар шырмап алыды. Болмаса бір депутат үкіметке неге сауал жолдамайды. Естиме екен?

  4. ОҚО әкiмi осы аптада биылғы жылы да Тәуелсiздiк мерекесiне дейiн облыс көлемiнде шырша тiгiлмесiн деп шешiм шығарды.facebook

  5. Егемен болмай-ел болмас»
    Махамбет
    Егемен ел – Тәуелсіз ел
    20 жыл бойы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі басқа мемлекеттердегідей жалпы халықтық көтеріңкі көңіл-күймен тойланған емес. Меніңше, бұның үш себебі бар. Біріншіден: Еуропалық жаңа жылдың көлеңкесінде қалуы. Екіншіден: 1986 жылы Қызыл империяның қабырғасын сөккен дербестік жолында құрбан болған, асқақ рухты қазақ жастарының жадымыздан өшпес орын алуы. Үшіншіден: желтоқсан айындағы ауа райының қолайсыздығы. Оған 2012 жылдың желтоқсаны нақты дәлел бола алады. Дәл осы жылы ауа райының өрескел аяздығына байланысты ел ордадан бастап Қазақстан тереториясында Тәуелсіздік мерекесі тойланбай қалды. Бұл біздің ұлттығымызға, елдігімізге сын. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін нақтылап өз орнына қойғанымыз абзал. Қазақ елі өзінің егемендігін 1990 жылы 25 қазанда қабылдағаны мәлім. Қазақ (Советтік Социалистік) Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы деклорация былай басталады. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып…
    Қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып,
    ізгілікті демократиялық, праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып,
    Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы Деклорацияны қабылдайды» – деп 17 бөлімнен тұратын құжатты бекітеді. Деклорацияда егемен ел ретінде, ел аумағының бөлінбес бір тұтастығы, мемлекеттік рәміздердің қастерленуі, тіпті егеменді мемлекет ретінде жаңа Конституцияның жүзеге асырылуы жайында нақтылы айтылған. Ал, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бабындағы 1,2 тармағында «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» – деп көрсеткен. Осынау, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған егемендік туралы Деклорация мен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда ТӘУЕЛСІЗ деген сөз бірде-бір рет қолданылмаған. Керісінше егеменді сөзінен көз сүрінеді. Демек, Егемендік һәм Тәуелсіздік – егіз ұғым. Әгәрәкім 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанын тәуелсіздік күні дер болсақ онда біз егемен, тәуелсіз ел болмай тұрып 1-ші желтоқсанда тұңғыш президентті сайлаудың өзі қайшылық тудырады. Ал, Президент сайлауының егемен ел ретінде Қазақстанның ерікті барша халқының қолдауымен жүзеге асқанын ұмытпайық. Сондықтан, 1990 жылдың 25 қазан күнін Тәуелсіздік һәм Республика күні ретінде тойлауды, ал 16-17 желтоқсанды «Қазақ рухы» күні деп атап белгілеуді ұсынамын.
    Самат Сыпатайұлы

  6. Шын ниет болса күннің суығы бөгет бола ала ма? Желтоқсан көтерілісі Қазақтың Тәуелсіздік алған күні болуы дұрыс!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі