///

Құлдыққа сатқан қазақты…

672 рет қаралды
2

quldiq1737 жылы қатын патша Анна Иоановнаның пәрменімен Сі­бір жақта яғни қазіргі Қазақ­ста­н­­­ның   солтүстік өңірінде құл саудасы заң­дастырылды. Бұл заң 1822 жылы «Сібір қа­зақ­­­­­­­тарын бас­қа­ру» ережесі шық­қ­­­ан соң ғана күшін жойды. Де­­мек орыстар 1737-1822 жыл­дар аралығында 85 жыл бойы қа­­­зақ­­тар­ды құлдыққа сатумен ай­­­на­­лыс­қан. 1755 жылы жо­ға­ры­­­­­да­ғы құл саудасын заң­дас­­тыр­ған қатын патша пәр­мені­не қосымша жарлық қа­был­­да­нып, онда помещиктер са­тып ал­ған құлдарын тауар ре­тін­де айыр­бас­тауға, оларды шо­қын­дыруға ерік­ті екендігі көрсетіл­ді.

Осындай  «заңдардың» сал­дары­­нан  ХҮШ ғасырдың ба­сын­­­­да казак жасақтары мен орыс отрядтары  себепті-себеп­сіз  қа­зақ ауыл­дарына жиі-жиі бас­қын­­­­шы­лық шабуылдар жасап, жүз­де­ген адамдарды өлтіріп,  жүз­деген  қыз-жігіттерді,  жас ба­ла­­ларды тұтқынға алып кетіп отыр­ған. Олар помещиктерге, дво­рян­дарға, әскери адамдарға са­­тыла­тын болған. Тіпті қазақ­тар­дың Хиуа базарына апарып са­­тыл­ғаны туралы да деректер бар.

Зерттеуші Амантай Кәкен «Зұлмат жылдардың запыраны» атты зерттеу еңбегінде: «Құл саудасына түскен қазақтардың құны базар нарқына байланысты өзгеріп тұрған. Мәселен, 1737 жылы 40 жастағы әйел 12 сомға, 30 жастағы жігіт (келіншегімен қоса) 1 ат, 1 құлын және 16 сомға бағаланған. 1748 жылы Әулие Петр қорғанында 25 жастағы әйел құлынды бие және шұға шек­­пенге айырбасталған. 20 жас­­та­ғы қазақ жігітінің бағасы 15 сомға жеткен. Сол кездің ба­ға­­сы­мен ірі қара малдың екі пұт (32 келі) еті 80 тиын, ал, ат­тың құны 91,5 тиын болғанын ескер­сек, қазақты құлдыққа сату аса тиім­ді бизнес көзі болған» дейді. («Тағ­дырларды біріктерген Қа­зақ­­стан», Астана. 2010 ж. 61-б)

1911 жылы Семейде жа­рық көр­ген: «Записки геогра­фи­чес­кого общества» атты ең­бек­те: «1808 жылы орыстар қа­зақ  ба­ла­ларын  сатып алуға жә­не айыр­бастауға үкімет аты­нан құ­қық алды, бірақ сатып алын­ған құлдар 25 жасқа толғанда еркін­дік алатын болды. Бұл әлі ли­берал­дық заң еді. Өйткені, бұл заң шықпай тұрып-ақ казак­тар  және әртүрлі әскери қызмет ат­­қар­ған адамдар қазақтардың  әйел­­дерін, балаларын және ауыл­-үй­дегі қызметшілерін күш­­­­пен тар­тып алатын еді. Бі­раз вое­во­да қазақ әйелдерден га­рем ұс­тайтын. Әйелдердің ба­ға­­­сы салыс­тырмалы өте тө­мен бол­ды: 7 жастағы қыз 20 тиын тұр­ды, ал ұл бала  25 тиын, ересек­тер­дің бағасы 10-нан 20 сомға дейін көтерілді. Сау­да өткізетін орта­лық ол Ірбіт жәрмеңкесі бол­ды» деп жазады.

Жазушы Сәбит Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасыр­да­ғы әдебиет тарихының очерк­тері» атты 1942 жылы жарық көр­ген еңбегінде: «1819 жылы Алек­сандр І патша қазақтың бала­ларын сатып алуға, басқаға сату­ға мүмкіндік беретін  заң шы­ғарды. Бұл оқиға жайлы Алек­сей Левшин  1832 жылы жазған «Қырғыз-қазақ орда­лары­ның тарихы» атты кі­та­бын­­да: «базарда қазақтың ер бала­лары­­ның сатылатын құны 4-5 қап­шық арыш бидай, қыз бала­ның бағасы 3-4 қап арыш еді» дей­ді. Және бір айда қазақтан 100 бала сатылғанын айтады. (Жұлдыз журналы, 1991 жыл, №6, 149-б.

Осы деректерге ой жі­беріп оқыған адам: ата-ба­ба­сын құлдыққа сатқан отарлау­шы­лардың тілінде сөйлеуді ар санаған болар еді. Егерде намы­сы болса…

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ.

«Президент және халық»

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Менің атым Шырын.10-сыныпта оқимын. Біз тарих сабағы апайдан осындай оқыиғалар туралы сұрағанымызда ол бағдарламада жоқ деді, неге дегенімізде жауап бермей қойды. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Негше жастардан осындай нәрселерді жасырады?

  2. Осы заманда шетелдіктерге асырауға берілген балалардың құл ретінде сатылмағанына кім кепіл.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі