//

Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл

994 рет қаралды
1

Түркиядағы қазақ ғалымы Әбдіуақап Қараның бастамасымен Ілияс Есенберлиннің шығармалары түрік тіліне аударылу үстінде,-деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.  

Биыл жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Хандар тарихы, замана көші, ұлттық қалыптасу кезеңдерді қамтитын туындыларды дүниеге әкеліп, «Көшпенділер», «Алтын орда», «Хан Кене» сияқты 16 роман жазған қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасына деген құрмет шетелдегі ағайындарда да бөлекше. Қазірге дейін бірде-бір шығармасы түрік тіліне аударылмаған жазушының «Көшпенділер», «Алтын орда» атты трилогиялары қазір туысқан ұлт тіліне аударылып жатыр. Тарихи романдарды түрік ағайындарға таныстыруды қолға алған Түркиядағы тарихшы-ғалым Әбдіуақап Қараның айтуынша, 6 томдықтың тұсаукесері осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр екен.

«Қазақтың танымал жазушысын түрік оқырмандарымен табыстырып, шығармаларын таныстырсақ деген оймен «Көшпенділер» трилогиясы мен «Алтын орда» трилогиясын аударуды бастадық. Әрине, қысқа уақыт ішінде үлкен шығарманы аудару бір адамның қолынан келмейді. Сондықтан, осындағы қазақ тілі мен әдебиетін зерттеп жүрген түрік ғалымдарымен бірлесе отырып дайындаудамыз. Бұйыртса, осы жылдың қыркүйегінде оқырманмен қауыштырсақ деп отырмыз»,-деді тарихшы Әбдіуақап Қара.

 Майгүл СҰЛТАН

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі