/

«Қазақ диаспорасы және репатриация» монография

830 рет қаралды

Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы «Қазақ диаспорасы және репатриация» («Казахская диаспора и репатриация») атты ұжымдық ғылыми монография жарыққа шығарды.

Монография Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша жазылып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен жарық көрген.

Кітап 10 тараудан тұрады. Шетел қазақтарының саяси, әлеуметтік-демографиялық және мәдени дамуының ерекшеліктері Қытай, Моңғообложка (2)лия, Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларус елдерінде ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында өткізілген халық санағының есебінде талданған.

Қазақ диаспорасындағы ислам дәстүрлерінің қайта өрлеуі мен оған – жазушы, теолог, этнограф және Қасиетті Құранның аудармашысы, әрі баспагері Халифа Алтайдың қосқан үлесі де осы жаңа басылымда көрініс тапқан.

Сондай-ақ, этникалық иммигранттарды қабылдау мен орналастырудың әлемдік тәжірибесі ретінде Германияның саясаты, Израилдің репатриация үдерісінің тәжірибесі, көршілес Ресейдің көші-қон саясатының өзгерістері қарастырылған. Соған орай, салыстырмалы түрде Қазақстандағы этникалық көші-қон саясатының қалыптасуы мен дамуы, сондай-ақ Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркия, Ауғанстан, Иран мен басқа елдердегі болып жатқан репатриацияның тәуекелдері, табыстары мен келешегі көрсетілген.

Алғаш рет Қазақстанда қазақ диаспорасы жастарының білім алу мақсатында иммиграциялау мәселелері талданған.

Кітапта қазақ тілінде еліміздің әр өңірінде тұрып жатқан оралмандармен жүргізілген сұхбаттар келтіріліп, сонымен қатар олардың орыс тіліндегі аудармасы мен түсініктемесі берілген.. Ғылыми мәтінге кейбір жағдайда күнделікті не өмірбаяндық сипаттағы, кей жерде өте жеке түрдегі эмпирикалық материалдар да кірістірілген. Нақты бір адамдардың, отандастарымыздың тағдыры туралы айғақты материалдар, кітапқа ерекше құндылық береді.

Бұл кітап қазақ диаспорасы, репатриация, көші-қон саясаты, демография мен диаспорология тарихы мәселелері қызықтыру тудыратындардың барлығына арналған. Кітап географиялық, пәндік және атаулы көрсеткіштері, қысқартылған сөздер тізімі, сондай-ақ түрлі-түсті иллюстрациялармен жабдықталған.

Монография авторлары: тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира031Kulgazira_20ANK Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев, тарих ғылымдарының докторы, Шешен Республикасы Ғылым академиясының Құрметті академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының профессоры Жарас Ермекбай (Астана қ.) және философия ғылымдарының кандидаты, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті Айтбала Баймағамбетова (Астана қ.).(Суреттеі: Күлғазира Нұранқызы Балтабаева)

Ғылыми редакторы – Халықаралық ақпараттандыру академиясы және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі