Зардыхан Қинаятұлы: Абайыңды ұмытсаң…

1060 рет қаралды
2

Құлаққа сіңген құс дауысы киелі,zardihan 11

Көптен бері көкейімнен кетпей жүр еді.

Туған жердің тырналары қиқу салып өткенде,

Төбем көкке жетпей қалды бір елі.

Келесі жылы көктемде,

Европадан ұшып өткенде,

Сұрамай мені кет пеңдер,

Тағдырымды тектеңдер!

Мүмкін мен де елге оралып қалармын,

Туған жерде сендерді күтіп алармын.

***

Құдайыңды ұмытып,

Айға шауып жүрмеңдер.

Кешірмейді оны білгендер.

Шын ұлыны ұлықтай білсең егерде

Тәубесіне келеді,

Бүгін өзін ұлымын деп жүргендер.

***

Саясаттың арты апан, тілі балдай,

Айырып майдан қылшық суырғандай.

Сақ болыңдар, бәріне нақ болыңдар,

Аюдың апанына жуымаңдар.

Бүгінде жер жаһанның есігі ашық,

Басқалар сақтануда есі қашып.

Есігіңді айқара аша берме,

Кетпесін айдаһардың мысы басып!

***

Құт қонған қазағымның несібесін,

Тәңірдің өзі берген сыйы дерсің.

Тәңір берген сыйлықтың игілігін,

Әуелі қазағымның өзі көрсін.

Егерде өздерінен асып жатса,

Бөгденің бөрі тісінде кеткенінше,

Өзіңнің асыраған итің жесін. (Зардыхан.Қ. «Тәңірім менің» кітабынаан.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ассалаумағалейкум, доктор Заха!
    Өзгелер ұсақталып болған бақа.
    Қолыма тимей отыр “Тәңірім менің”,
    Оқып алып айтатын шіркін, жатқа!
    “Жақсыға әркімнің бар таласы,”
    Дегенмен сіз Алаштың бел баласы.
    Сәлем бердім, Серіхан Керейтегім,
    Кешірерсіз сөзімнің болса аласы…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі