///

Журналистика үгіт-насихатқа айналып барады

869 рет қаралды
1


3GVnmSMupwZn

 



Жыл сайын маусымның соңғы сенбісі – Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді. Журналистер бір жылғы еңбегін саралап, сараптап, марапатталып мәз-мейрам болып қалатыны бар. Дәл осы кезеңде отандық журналистердің өз ісіне баға беріп, журналистиканың бүгіні мен ертеңі жайлы ой толғанып жататыны да рас.

FE05A36E-F286-4475-B581-8E26F4FEF21A_mw1024_s_nБәлкім, дәл осы айтулы датаға орай, бәлкім кездейсоқтық, баспасөз беттерінде Қазақстан журналистикасына қатысты бірнеше мақала жарық көрді. Олар – КТК телеарнасының бұрынғы директоры Арман Шораевтың www.vlast.kz сайтына берген «Я не такой гламурный, чтобы работать на ТВ, превращенном в шоу-бизнес» атты сұхбаты мен www.dalanews.kz сайтындағы Жарбол Кентұлының «Қазақ журналистикасының аянышты хәліне кім жауапты?» атты мақала. Дәл осы сәтте «Правовой медиацентр» орталығы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін сайттардың тізімін жариялады. Аталған екі мақала мен мәлімет бүгінгі Қазақстан журналистикасына берілген баға, арнайы барометр деуге болады. Арман Шораев өзі жеті жыл бойы басқарған КТК телеарнасынан неге кеткендігін телеарнада журналистика емес көңіл көтеретін шоу бағдарламалардың көбеюімен түсіндірсе, Жарбол Кентұлы қазақ журналистикасының бүгінгі халіне кім жауапты деген сауалға жауап іздейді. Ол қазақ журналистикасының бүгінгі аянышты халіне кінәні бас редакторлық менеджменттің дұрыс жолға қойылмауынан деп түсінеді. «Нарық заңдылығы бойынша сұранысқа ие болған басылым, қоғамдық ортада мәні мен маңызын еш уақытта жоғалтпайды. Соны біле тұра, қазақ басылымдарын тізгіндеп отырған редакторлар бұған мүлде назар аударған емес» деген ол аталған мақаласында. Соның салдарынан, қазақ газеттері жарнама табуға қауқарсыз, жарнамадан нәпақа түспеген соң, мемлекеттік тендерге телміреді, мемлекеттік тапсырыспен шығатын ақпарат құралдарының мазмұны нашар деген ой айтады әріптесіміз.

пресса_основное-690x400

Әрине, келісеміз бізде бас редакторлардың менеджменті жолға қойылмаған. Дегенмен, бұл мәселенің бір шеті ғана сияқты. Сонымен бірге, медальдің екінші жағы барын ұмытпайық. Қазіргі тек қазақ журналистикасы ғана емес, қазақстандық журналистиканың сараптама, талдама және зерттеу жасауға сараңдық танытуына не себеп? Кейбір тақырыптарды жазуда неге тек біржақты көзқарасты ұстанамыз немесе мүлдем айтуға болмайтын мәселелер неге көп? Әрине, сауал көп, жауап жоқ! Біздің оқырманның сұранысына сай ақпаратты бере алмай отыруымыздың сыры неде?

kazaxskaya_jurnalistikaҚазақ журналистикасы 1991-2008 жылдар аралығында шын мәнісінде журналистика ретінде қалыптаса білді. Осы кезеңде білікті де, кәсіби редакторлар туып қалыптасты және қажетті менеджментті дамытуға үлес қосты. Қазақ телеарнасында қоғамдық саяси маңызы бар мәселелерді талқылауға арналған ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар, талдамалы сұхбаттар, арнайы ток-шоулар пайда болды. Мәселен, «31-арна» телеарнасында «Дода», «Еркін сөз», «Собственное мнение» секілді жұрт  іздеп, күтіп отырып қарайтын телебағдарламалардың кәдімгі шоғыры қалыптасса, соңғы жылдары «Час Бендицкого» бағдарламасы қазақстандық ақпарат саласында мүлдем көрінбей кеткен журналистік зерттеуді жандандырды. КТК арнасында «Шарайна», «Ел жұрт», «Хабардағы» «Жеті күн» бағдарламаларының бет-бейнесі қоғамдық пікірді қалыптастыруға арналған нағыз журналистік өнімдер еді.

2008-2009 жылдардан бастап, қазақ ақпаратының бет-бейнесі өзгерді. Әуелі, өз алдына жеке отау құрып, хал-қадерінше тәуелсіз ақпарат тарата бастаған ақпарат құралдарын холдингтендіру үрдісі басталды. Ақпарат құралдарының үлкен бір қазаннан ас ішуі қазіргідей нарық заманында онсыз да мәлтілдеп тұрған сөз бостандығының күнін батырды деуге болады. Қазір бір холдингке енгізілген ақпарат құралдарының ақпараттық саясаты, көтеретін мәселелері, тақырыптары біртектес. Соның салдарынан, инкубатордан шыққан тауықтың балапандарындай, бір бірінен аумайтын мақалалар легі көбейді. Ал оқырманды тәрбиелейді дейтін телеарналардың ақпараттық саясаты мүлдем 180 градусқа өзгерді. Жоғарыда аталған сарабдал, сараптамалық бағдарламалардың орнын көңіл-көтеру, ойын-сауық бағдарламалары басты. Шынайы ой айтатын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын журналистерді сайқымазақ әртістер алмастырды. Арман Шораев рас айтады, журналистика емес, шоу-бизнеске айналған телеарналар қазіргі көрерменге қызық емес. Бұрын қазақ тіліндегі көңіл көтеру бағдарламалары, «Тамаша», «Айтыс», қазақша концерттер түннің бір уағында көрсетілуші еді, қазір керісінше, «Алдараспан», «Нысана күнделігі»т.т. ойын-сауық отауларының белден төменгіні әңгіме ететін ыржықай, көрерменге берер ләззаты жоқ, надан күлкіге құрылған бағдарламалары күндізгі уақытта көрермен назарына ұсынылатын болды. Одан қалса, телеарналардың барлығын бірдей үндінің арзанқол сериалдары жаулап алды. Қай арнаны, қай уақытта қосып қалсаң да, адамды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеуден гөрі, зұлымдыққа, агрессияға үндейтін үнді фильмдерінен көз ашпайсыз. Сондай-ақ, өздерінің төл өнімдері саналатын бағдарламаларының өзі тек көңіл көтеруге арналған. Мәселен, 31-арнаның сәрсенбі күнгі (24.06.2015) бағдарламасына көз жүгіртсеңіз таңғы сағат 6.00-дағы «Ризамын» ойын-сауық бағдарламасынан кейін түскі үшке дейін телесериалдар мен мультфильмдер, үштен кейін «Әзіл студио», «Ералаш», «КазахStar» секілді көңіл-көтеру бағдарламалары, тағы да екі телесериал, тек кешкі сағат 8 бен 9 аралығында «Информбюро» ақпараттар қызметі. Яғни, бір күндік эфирдің 5-10 пайызын ғана ақпараттар иеленіп тұр. Қалған уақытты тек телесериалдар мен көңіл көтеру бағдарламалары алады. Ал «Хабар» телеарнасының дәл осы күнгі бағдарламаларына көз салсаңыз жаңалықтар эфирге он бір рет шығады екен. «100 бизнес тарихы, индурстияландыру»,  «Көзқарас» секілді сараптамалық бағдарламары да бар. «Первый канал Евразия» арнасы «Ашығын айтқанда» ток шоуынан өзге «112» қылмыстық хроника мен жаңалықтар бір-екі рет эфирге шығады. Қалғандары “Судебные истории”, “Давай поженимся”, “Пусть говорят”, “Ветреная женщина» секілді ресейлік өнімдердің ретрансляциясы мен арзанқол ойын-сауық бағдарламалары. Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыда өткен «Алматы+20» ЮНЕСКО-ның халықаралық конференциясында сөз сөйлеген сол кездегі «Интерньюс» қорының атқарушы директоры Маржан Елшібаева өткен ғасырдың 90-жылдарының басы мен 2000 жылдан бері қарайғы республикалық телеарналар мен аймақтық телеарналардың ақпарат тарату саясатын салыстыра келіп, мынадай түйін жасайды:

Телеарналар                   Талқыланған тақырыптар
 

1991-1997 жылдар

1999-2012
1 Республикалық
  1. Саяси тақырыптар
  2. Әлеуметтік тақырыптар
  3. Көңіл көтеретін тақырыптар

 

  1. Көңіл көтеретін тақырыптар
  2. Әлеуметтік тақырыптар
  3. Саяси тақырыптар

 

2 Аймақтық
  1. Көңіл көтеретін тақырыптар
  2. Әлеуметтік тақырыптар
  3. Саяси тақырыптар

 

  1. Әлеуметтік тақырыптар
  2. Саяси тақырыптар
  3. Көңіл көтеретін тақырыптар

 

Яғни, ақпарат таратудағы тенденцияның кәдімгідей өзгеруі, қазіргі басымдықтың саяси тақырыпқа емес, көңіл көтеруге берілуі ненің белгісі? Бұл елдегі шенеуніктердің шынайы ақпаратты таратуға барынша кедергі келтіріп отырғандығының айғағы. Жыл өткен сайын, сөз бостандығының аясын тарылтатын заңның жаңа баптары қабылданады. Мемлекеттік тапсырыспен күнін көретін ақпарат құралдарының контентінің өзі көзі қырағы шенеуніктердің бақылауында. Мемлекеттік телеарналардың тақырып аясы тар, ары кетсе әлеуметтік тақырыптардың аясында ток-шоулар ұйымдастырудан арыға бармайды. Тәуелсіз басылымдар қудалаудан көз ашқан жоқ. Ал веб-сайттар рейтингі үшін «Жұлдызды жаңалықтарды» жұлмалаумен әлек. Біз оқырманды тәрбиелеудің орнына, ақпарат құралдарын насихат құралына айналдырып алдық. Менталитет өзгергенімен, мемлекеттің үгіт-насихат жүргізу машинасы әлі өзгермей келеді. Жарылқап Қалыбайдың «Жұлдыздар отбасы» журналы неге танымал? Ол жұлдыздардың өмірін насихаттағаны үшін, ел алдында жүрген адамдардың сахна сыртындағы өмірін дәріптегені үшін. Егерде ол журнал саяси-әлеуметтік мәселелерге арналып, дәл қазіргідей менеджментпен жүргізілсе де, осындай даңққа ие бола алмас еді. Сол себепті, ақпарат құралын жөндеу үшін, әуелі ақпаратқа деген биліктің көзқарасын, шенеуніктердің қырағылығын өзгерткен жөн.

 

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, www.365info.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Ардақты ағайын!
    Жүздеген жылдар мен сынақтардан елімізге деген махаббатымызды өшірмедік, елімізді қалыптастырдық, тәуелсіздікке ие болдық. Барлығымыз бірігіп егемен мемлекет құрдық. Ендігі мақсатымыз – өткен жетістіктерімізді сақтай отырып, жаңа биіктерге жете отырып, болашақ ұрпақтарымызға бай және егемен елімізді аманат ету.
    Біздің тәуелсіздігімізге әлі екі онжылдық қана болды. Өз жеріңде өмір сүру және жұмыс істеу, өз тағдырыңды өзің анықтаудан артық нәрсенің жоқтығын миллиондаған қазақтардың түсінуіне осы қысқа тарихи уақыттың өзі жеткілікті болды.
    Қазақтарды тізе бүккізіп, бағындыруды, өз жерінен, атынан айыруды көздегендер аз болған жоқ. Бірақ оларға әрқашан жол бермей тұрған күш – ерлікке, атамекенге деген сезімге және бостандық жолында құрбандыққа толы қазақтық мінез жатты.
    Отанымыздың тәуелсіздігі жарияланған күннен бері жиырма жыл өтті. Бүгін, тәуелсіздігіміздің бағасыздығына көзіміз жете отырып, халықаралық тоғыста орналасқан Қазақстан Республикасының әлемдегі елдермен қарым-қатынастарының дамуын бақылап отырмыз.
    Сүйікті отанымыз Қазақстан – бүгін халықаралық қоғамдастықтың белсенді, танымал, құрметті мүшесі. Бұл жоғары мәртебе ұлтына лайықты әр ұлынан, сонымен қоса әр деңгейдегі депутаттар мен әкімдерден, үкімет мүшелерінен Отанның бүгіні мен ертеңі үшін, сүйікті Қазақстанымыздың дамуы үшін, сонымен қатар әлемдік аренада оның үнінің қатты шығуы үшін үнемі күш жұмсауды талап етеді. Отан үшін жауапты болуға әрқайсымыз адал еңбектеніп, жемісті күш жұмсап, үлкен жауапкершілік пен мықты ерікке, ұлттық намысқа, жоғары білімділікке, таза ниетке ие болуымыз қажет.
    Әр жыл сайын республика өндіргенінің 80 пайызын экспорттайды. Барлық табылған табыс, меніңше, халыққа еңбекақы, әлеуметтік игілік, отандық экономикаға инвестиция ретінде қайтуы керек. Әрқашан осылай болуға тиіс. Осындай экономика құру біздің мақсатымыз.
    Бүгінгі жағдайлардағы Қазақстанда біз одан әрі халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге, мектептер мен балабақшалар жетіспеушілігін және азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге, ауылдарды газификациялауға, индустриалды-инновациялық саясатты іске асыруға, қарапайым азаматтарды әлеуметтік қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттіміз. Сонымен қоса, коммуникациялық тәуелсіздік және сауда қорғанысына, азық түлік қауіпсіздігіне және экономикалық өсімді өндіруші сала арқылы қамтамасыз етуге, халыққа стратегиялық кәсіпорындарды және пайдалы қазбалар орнын қайтаруға, заң шығарушы органдардың ролін күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жақындауымыз керек. Уақыт талабы осындай.
    Жоғары мақсаттарға жету мен үлкен жемісті жоспарларды іске асыру оңай іс емес. Ол бір-екі жылда орындалмайды. Бірақ әрқайсымыздың, ұлттың ұлдары – Парламенттің, Мәслихаттың депутаттарының, әкімдердің, үкімет мүшелерінің, ұйымдастырушылардың, барлық деңгейдегі мамандар мен жауапты жұмысшылардың, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің мақсаты адал еңбекті қажет етеді.
    Алдымызда шешімін талап ететін мақсаттар тұр. Мысалы Қаржы саласындағы мәселелер осы:
    • Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
    • Несиелік қорларды көбірек тарту және осы негізде шағын және орта кәсіпкерлікке, әсіресе өндірістік кәсіпорынға салынатын жалпы несие көлемін үлкейту;
    • Несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және оның қызметін халықтың бос қаражаттарын тарту арқылы, банк қызметтері сапасын жақсарту арқылы, олардың орындалу тәртібі арқылы кеңейту.
    • Отандық өндіруші кәсіпкерлікке берілетін ұзақ мерзімді несиелерге клиенттерді тарту арқылы несие жүйесін нығайту.
    Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен Ұлттық банк және коммерциялық банктер осы бағыттағы несиелердің көлемі мен санын көбейтуге, несиелік қорларға көбірек клиент тартуға керекті шаралар қолдануға тиіс.
    Осыған байланысты, елде банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың санын көбейту үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін барлық сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, олардың қызметін жақсартуға жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар, алыстағы аудандарға микронесиелеуді көбейтуге қосымша шаралар қолдану қажет.
    Құрметті отандастарым!
    Осы ұлы жетістік пен бағасыз ұлттық игілігіміздің қасиетті, мінсіз, және әрқашан тұрақты тәуелсіздігін сақтау — мемлекеттің мақсаты және Қазақстанның әр саналы және адал азаматының миссиясы. Тәуелсіздік пен егемен мемлекетті, әлемді нығайтуды, тұрақытлық пен ұлттық бірлікті, жоғары отаншылдық сезімді, рухани қырағылықты, ұлттық намысты, ұлттық құндылқтар мен мемлекеттік нышандарды қорғау – нағыз азаматтық қоғам құруға, мықты экономикалық және әлеуметтік дамуға, стратегиялық жоспарлар мен мақсаттардың іске асуына бізді толықтай бағыттайды.
    Тәуелсіздік пен оның жетістіктерін нығайту бізді халықтың тарихи санасын, этикалық және мәдени құндылықтарын қалпына келтіру мен тілдің, әдебиеттің, ғылымның, мәдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді.
    Ұлттық сананың қалыптасу үрдісін күшейтудегі, өркениетті азаматтық қоғам негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңінде ең қуатты жемісті құрал – қазақ халқының ұлы бабаларының мұрасына назар салу.
    Тәуелсіздік жылдарында тамаша тіл болып саналатын мемлекеттік тіліміздің қалпына келуі және дамуы үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек еді. Өйткені бұл бабалардан қалған аманат және біздің ұлтымыздың ең басты құндылығымыз. Біз отаншылдар қазақ тілін көсегесін көгерту үшін барлық шараларды жасаймыз. Бұл біздің тарихи міндетіміз.
    Бір кездері мемлекеттік және саяси тіл болмаған қазақ тіліміздің үні қазір БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың ең жоғары мінберлерінен шығып тұруға, ақ көгершін сияқты бейбітшілік пен достық құсы ретінде әлемдік кеңістікте шарықтауға тиіс.
    Сондықтан, ежелгі, бай, дана және ақындық тілге деген мемлекеттік және бүкілхалықтық қамқорлық – әрқайсымыз үшін асыл парыз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі