///

Алматының жаңа әкімі Бауыржан Байбек жас па?

740 рет қаралды
2

bay,tr Алматы еліміздегі ең ірі бас мегаполис, елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани өміріндегі алатын орны ерекше, ал, мұндай үлкен қаланы басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін де шаруа. Сондықтан болар ел көкейінде бірден «Бауыржан Байбек кім? Ол Алматыдай алып шаһарды басқара ала ма?» деген сияқты сан түрлі сауалдардың сапырылысып, туындауына оның жастығын, шаруашылықтан алшақтығын көлденең тартып, көріпкелсіп жатыр.

Бауыржан Қыдырғалиұлын жас дейді? Қайдағы жас. Қырық бірде екен. Қыз ұзатып, келін түсіріп, немере сүйетін жастағы кісіге ненің жастығы. Сонда «жастық» жастың жастығы туралы айтылып отыр ма, әлде, «бастың» жастығы жөнінде болып отыр ма? Қазақ үшін қырық – кемел жас. Ұлы Абай қырқында, «Қартайдық,…» демеді ме? Демек қырық жасты жас деушілердің өздері қырқында «жаспын деп» жасымсыған, қырқадан аспағандардың өзін ақтау уәжі болса керек. Ал сөз «бастың жастығы» жайында болса Байбектің жүріп өткен жолының өзі-ақ оның басының пісіп-жетілгенін айғақтап тұрған жоқ па? Ал «шаруашылық» жөніндегі күмілжулерге келсек, Бауыржан Қыдырғалиұлы өнерлі-экономист екен. Өнер адамының көзі өткір, көкірегі мұңлы, қырандай қырағы, аса сезімтал болатыны аян. Ендеше адам баласының бойындағы бұл қасиеттер ғалым-әкімге аса қажет. Жалпы шын басшыны қолдан жасамайды. Қоғамды құртатын қолдан жасағалған басшылар. Басшылық қасиет, ол туабітті қасиет.

Алматының жаңадан тағайындалған әкімінің аты-жөнінің өзі байқаған жанға көп нәрседен хабар беріп тұр. Алматының тумасы – Бауыржан Байбек, Бауыржан Қыдырғалиұлы. Азат есім, тап-таза. Құлдықтың, басыбайлылықтың еш бір нышаны жоқ. Бұның өзі Бауыржан Қыдырғалиұлының сана-сезімі, ішкі жан дүниесінің қалыптасуы, болмысы, өзін-өзі тану, сыйлау қабылет-қарым өресін көрсететін басты айқындауыштардың бірі.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қырықққа келген адамды жас десек, болар елдің баласы он бесінде баспын дейді деген мақалдың бұзылғаны-дааа

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі