//

Әділдік мұнарасы – Тұрсынбек Кәкішұлы

786 рет қаралды
4

Әділдік мұнарасы

(Тұрсынбек Кәкішұлына)

Recovered_JPEG Digital Camera_12526.jpg 1Атасам арлы алаштың арыстарын,
Сәкен, Мағжан, Марғұлан, Қаныштарын.
Сенің тұлғаң келеді қатарласып,
Алатаудай айбарлы арыстаным.

Түн түнегін тарқатқан түсінігің,
Тізерлеткен қасыңды күшің – ілім.
Жұмыр басты пендеде кемшін жатар,
Сенің ерен өзгеден кісілігің.

Кербез тірлік, кешкен өр кедір-бұдыр,
Кедергіден өткен ер небір күдір.
Жай ағаштар өнеді жер талғамай,
Бай ағаштар төске өнер зеңгір шымыр.

Шен де шекпен алмассың әзір бүгін,
«Парасатың» портфелде, әзіл бұным.
Бір шындық шын, жақпайды ана жаққа,
Қара қылды қақ жарған әділдігің.

Қара жердей салмақты қасиетің,
Қасаң жұртың жығылып бас иетін.
Сенің біреу лақтырса жолыңа тас,
Табады ол айналып бас иесін.

Тауға балап төбесін кішігірім,
Жеткендер көп сақтаған ішіне ірің.
Қоздап тұр-ау кернеулі қуат-күшің,
Боздап тұр-ау бойдағы кісілігің.

Қарамайсың ешкімнің бек, тегіне,
Жем шашумен әуресің кептеріңе.
Ойлағаның ұрпағың, сендей кім бар,
Он мың кітап сыйлаған мектебіне.

Жеткізе алман қанша архив қазғаныңды,
Жаныңды ұқтым жастанып жазғаныңды.
Артық болар бір елі басқа жаннан,
Төзім менен теріңнен алған үлгі.

Іште тұнып жатыр-ау мұң адасың,
Жазған сайын жанығып, шыңаласың.
Кәкішұлы Тұрсынбек – Қазақ биі,
Әділдіктің тұрғызған мұнарасын!
Бақұл бол, Арысым!

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Қазақтың маңдайына біткен мықты тұлғалардың бірі, менің аға-жеңгемнің рухани жетекшісі, ақылшысы болған ұстаздарыңыздың иманы жолдас, жаны жәннатта болсын!

Аманхан Әлімұлы жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі