//

Қайран Әбіш, Сен де өттің-ау өмірден!

810 рет қаралды
6

abish2015 жылы желтоқсанның 11 күні қазақ халқының бір туар ұлы Қазақтың Аса көрнекті қаламгер-суреткері Әбіш Кекілбайұлы дүниеден өтті.

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. 

Әбіш Кекілбайұлы – Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (19962002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2010).

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Марқұмның үй-іші, бала-шағасына, туған-туыстарына және Қазақ халқына бір туар ұлы Қазақтың Аса көрнекті қаламгер-суреткерінің арты қайырлы, иманы жолдас болсын деп ел-жұртпен бірдей қайғыра отырып көңіл айтамыз.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Әбіш аға немесе уақ қазақ
    Көлеңке түсірді- ау қоғамның жасанды қолында шатыры,
    Үркерге жол тартты қазақтың тағы бір абызы, ақыны.
    Шыңырау шындықты іздеп жүр бітпеген Аңыздың ақыры.
    Тағы бір ұл туар Әбіштей қазақтың құт құрсақ жатыры.
    Жауабың дайын ғой, есалаң, күрмеуі қиындау сұраққа.
    Кім жаққан ессіздеу қазаққа ұнатқын, мейілі ұнатпа.
    Су бүркіп қалатын әдеті маздаған жап- жарық шыраққа.
    Туғанмен Әбіштер алайда жаза алмас дәл Сіздей бірақта.
    Кешегі заманның суреті барады сізбенен жырақтап.
    Екі рет шегінген заман- ай сақсынып, жалтаңдап бір аттап.
    Қоғамға сыймасаң қытымыр, Әз аға, жұмақтан шуақ тап.
    Не жазып тындырар енді бұл қалғандар – өңшең кіл уақтап?!
    11.12.2015

  2. Əбіш Кекілбаевтың өзге шығармасын былай қойғанда, тек “Күйші” повесінің өзі саналы қазақтың сарытап болған санасын жаңғыртып, мəңгүртизмнің тамырының тереңдеп кеткендігін миымызға шегелеген шығармалардың бірі болып еді. Қазақ əдебиетінің тағы бір бəйтерегі құлаған екен. Иманды болсын, сөйтіп ұлттың ұстыны болған қара шалдарымыздың орны үңірейіп қалатын болды. Біздің рухани тірегіміз енді кімдер болады екен?! Ойлаудың өзі қорқынышты

  3. Марқұм Әбіш ағаның шығармашылық әлеуеті жас жазушылар үшін Хан Тәңірінің ұшындай меже, әдеби мұрасы қазақ халқы үшін рухани қазына, ал тағдыры… қай заманда болсын тау таланттың ежелгі елдікке тағзым еткенін дәл қазір өзіне бас иіп тұр деп түсініп паңсынатын пасық билікті көзсіз ұлықтаушылар үшін сабақ. Ағаның алды жарық, арты қайырлы болғай! Әрқайсымыздың кітапханамыздан табылатын хаты өлмек емес.

  4. Кеше түсте Қазақстан Жазушылар Одағына бардым. Алаштың абызы Әбіш Кекілдбайұлының қайтыс болуына байланысты Ғалым Жайлыбайға, Маралтай Райымбекұлына, Жанарбек Әшімжанға, Тұрысбек Сәукетайға көңіл айттым. Күпті көкірек орталағандай болды. Маралтай Әбіш ағамен сәтті бір кездесуін айтып берді. Тау тұлға: “Алатауға бәріміз де түймедей болып келіп, түйедей болып шықтық қой, сен де Алатаудансың” депті. Міне, Маралтай ақынның жүрегін баураған Ұлы Сөз көкейінде мәңгі орнығыпты. Иә, бәрімізде Алаштың аспаны, Қазақтың даласынанбыз! О, абыз аға Әбіш, топырағың торқа болсын! Баршаңызға көңіл айтамын!

  5. …Абыз өтті Дүниеден, әулиелік пішінмен!
    Қасқыр да түлкі бұ заман қадірін кімнің түсінген!
    Бақи мен фәни арасы буырқанған бұлттарыңды жосылтып,
    Ұлы Дала, Сен де енді дұға еткейсің ішіңнен!

  6. …Интернеттен жаназаға қатысты материалдар мен суреттерді көріп отырмыз. Бірақ Әбіш жаназасының алдыңғы легінде тұруға тиісті билік адамдарынан ешкім көрінбейді. Сонда лауазымды адамдар өздерін дін қағидаларынан жоғары қоя ма, әлде өздерін мәңгі өлмейтіндей көре ме?…
    Ресми қоштасуда көрінген Қ.Тоқаев, Қ.Жақыпов, И.Тасмағамбетов, Н.Оразалин, Қ.Көшербаев, А.Айдарбаев, депутаттар жаназада неге көрінбейді? Сонда өлімге келіп тұрып жаназаға қатыспаса имандары қайда? Жалпы билік адамдарына өздері өлмесін, өзгелердің жаназасына қатыспасын деп қабылданған протоколдық норма бар ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі