//////

Қысқы мектеп: Медиа сауаттылық – бүгінгі күннің басты талабы (Фото)

17089 рет қаралды

Ақпанның 5-7 күндері “Тау Тұран” оқыту-сауықтыру кешенінде “Симбиоз шешім: Интернет және сандық сауаттылық” атты ІІІ халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі болып өтті. Шараны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті жанындағы «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырды. Үш күнге созылған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен Журналистика кафедрасының студенттері, ұстаздары, қоғам қайраткерлері, медиа мамандары қатысты. IMG_8335 Үш күн бойы тәжірибелі мамандардың кеңестерін тыңдап, тәжірибелерімен бөліскен қатысуIMG_0537шылар көптеген ақпаратқа қанығып, көп дүниені үйренгендігін айтады. Медиа мектепте дәріс оқып, өз ойларымен бөліскен қоғам қайраткері, Мұрат Әбенов, Әміржан Қосанов, медиа тренерлер Қанат Әуесбай, Өркен Кенжебек, Мұхамедәлі Бұхарбаев, Нұрлвбек Жеңісбек, Жылдыз Ажибраимова (Қырғызстан), Аршат Ораз, Руслан Меделбек, Есенгүл Кәпқызы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісе отырып, тың ойларымен бөлісті.

“Мәскеуде осындай қысқы мектепте қатысқан кезімде Қазақстанда неге осындай шараны қолға алмасқа деп ойлаған едім. Келгеннен кейін осы идеямды жүзеге асыруға кірістім. Аллаға шүкір, осымен Медиа және коммуникация мектебі алтыншы рет өтіп жатыр. Жыл сайын бұндағы тақырыптар да, келетін лекторлар да толығып және жаңарып отырады. Мақсатымыз жаһандық медиа дамуға ілесе отырып, отандық ақпаратты дамыту” дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, жоба жетекшісі Гүлмира Сұлтанбаева.

Үш күн бойы әртүрлі тақырыпта пікір алмасылды, әртүрлі мәселе төңірегінде дәрістер оқылды. “Мен үшін ақпараттардың көп болғаны соншалық, әлі қорытып үлгере алмай жатырмын. Әсіресе, жаңа медиаға қатысты үйренген дүниелерім көп болды. Бұл жолғы демалысымды аса пайдалы, білім алуға жұмсадым”, дейді СДУ “Журналистика” мамандығының 4-курс студенті Айгүл Шаймерден.

“Қазір ақпаратты алу және тарату әрі оңай, әрі қиын.  Оның үстіне “Ақпаратқа қол жетімділік” туралы заңның қабылдануы журналистердің ғана емес, қарапайым халықтың ақпаратты сұратуына жеңілдік жасады. Бұрынғыдай емес, бұл заң шенеуніктерді мейлінше ашық болуға, бұқараның алдында есеп беруге мәжбүрлейді. Осындай мол мүмкіндік қолымызда тұрғанда, біз үшін ақпараттың шынайылығын тексеру, ақпараттың қайнар көзінен сұхбат алу секілді мәселелер төңірегінде ойлана түсуіміз керек. Бірақ өкінішке қарай, біздің журналистер әлі күнге дейін ақпаратты тексеруге селқос. Фейсбукті ақпарат көзіне айналдырып алды. Және ол ақпаратты тексермей жатып, айғайлатуға құмар. Алайда кейде бұндай сенсация қуалаушылықтың соңы, орны толмас өкінішке апарып соғып жататын кездер де болады. Қазір жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатынымыз ескерілмей келеді” дейді “Қысқы мектеп” дәріскерлерінің бірі СДУ “Журналистика” кафедрасының меңгерушісі Есенгүл Кәпқызы.
IMG_0692 IMG_0543 IMG_0710 IMG_8220 IMG_8283 IMG_0688 IMG_8313 IMG_8330 IMG_8337“Медиа сауаттылық немесе Ақпараттық коммуникативті технологияларды меңгеру ХХІ ғасырдың басты талабы. Ақпаратты тарату және алу мәселесі сәл де болса жеңілдетілген қазіргі қоғамда біз ақпаратты таратудың негізгі принциптерін білуіміз керек. Бұл журналистикадағы сауаттылықты және шынайылықты дамыта түсетін болады” дейді ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының Медиа және коммуникация жөніндегі өкілі Сергей Карпов.

Үш күнгі медиа мектебі медиа тренерлердің бай тәжірибесімен бөлісуімен аяқталды. Қатысушылар келесі жазғы мектепте бас қосуға уағдаласып, тарасты.


1915386_221117678234702_2354317692436491679_n
12647238_221117328234737_6330274546032959461_n 12647296_221308004882336_4431997786229465454_n 12651297_221117141568089_6746825743443933552_n 12670861_221117078234762_6170216481382948532_n 12688053_221117188234751_2075500281803900861_nМінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері