///

“Мінбер” орталығы Қызылорда онлайн орталықтары үшін вебинар өткізуде

749 рет қаралды

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен шілденің 7-сі мен 16-сы аралығында Қызылордадағы ақпараттық онлайн орталықтардың жұмысына қолдау көрсету мақсатында вебинар өткізуді бастады. Вебинардың басты мақсаты Қызылорда өңірінде ашылған 10 онлайн орталықтың жұмысын жандандыру сол арқылы, жергілікті халықтың ақпарат алу мүмкіндігін арттыру. Вебинарға Аққұм, Мәдениет, Сұлутөбе, Еңбекші, Шижаға, Қамбаш, Жалаңтөс, Өркендеу, Іңкәрдария, Ақжарма онлайн орталықтарының үйлестірушілері мен әр орталықтан екі ерікті қатысуда.

Бүгінге дейін «Мінбер» орталығы 3 вебинар өткізді. Вебинарға қатысушылар бұған дейін Google құралдарымен жұмыс, google hangouts мүмкіншіліктерімен танысу және «Қызылорда дауысы» мобильді қосымшасын өз телефондарына жүктеу секілді мәселелермен таныс болды. Келесі вебинарларда Facebook парақшаларына сурет жүктеу, жазба қою, оның теориялық негіздері және жергілікті өзін өзі басқару органдарымен байланыса отырып, жергілікті халықты ақпараттандыру мәселелері, e-gov порталынан ақпарат алу және оны өңдеу секілді ақпараттармен танысатын болады.

minber-akparat

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі