///

Олимпиаданың алғашқы медалін Отгонцэцэг  әкелді

334 рет қаралды
1

otgonРио де Жанейродағы өтіп жатқан Олимпиаданың алғашқы медалын тамыздың алтысы күні Қазақ еліне Отгонцэцэг  Галбадарах әкелді. Ол дзюдодан қола жүлдегер атанып, жол ашты. Отгонцэцэг біздің Моңғолиядан қалап алған балуанымыз болатын. «Біреудің қаңсығы, бізге таңсық болды» деп Отгонцэцэгті әкелгенде күңкілдегендер көп еді. Күдік пен күмән басым түскен тайталаста Отгонцэцэг үмітті ақтады. Сертінде тұрып, еңсемізді серпілтіп тастады. Міне, сол күңкіл сөз күл болып, қаршадай жат жұртық қыз Қазақ Елінің намысын қорғап, көк байрағымызды әлем төріне көтерді. Отгонцэцэг моңғол тілінен аударғанда «Кенжегүл», ал «Галбадарах» «Лаулаған от» деген мағынаны береді екен. Атына заты сай деген осы болса керек. Жарайсың Кежегүл! Құттықтаймыз! Сонымен Қазақ елі спортшыларының қоржынында әзірге екі медал бар. Боксшы Сметов күміс жүлдеге ие болды. Аламан дода әлі алда. Жеңіс мол болсын, жас қырандар!

Мінбер-ақпарат

1 Comment

  1. Отгонцэцэг
    Күш емес қара дүрсін жаныңды жер…
    Саф Ақыл!
    Сал ұранды,
    Жанып жібер!
    Қаршадай,
    Арындатқан
    жас қайратты,
    Жанар – от,
    Намысты Ар,
    Жалын – жігер!

    Ол білем,
    атақ емес,
    Арды ойлап,
    Төрінде Рионың салды ойнақ!
    Адалдық:
    Антқа,
    Сертке,
    Америка
    Көгінде желбіретті Жанды Байрақ!
    07.08.2016

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бегзат АҒИЯРҰЛЫ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы Мемлекеттік «Алтынай» халық биі ансамблінің бишісі: Арманым өнерге жетелесе, өнерім елге алып келді

Қазақстан тарихының кейінгі отыз жылында атажұртқа оралған ағайынның әр қайсысы әр салада қызмет етіп елдің дамуына