Қара құстар

1005 рет қаралды

kara kusҚаптап жүр, қона-түнеп қара құстар,

Қара құс, білесіңдер неге құштар.

Қораның бір шетіне болмағанда

Қарақшы қадап қой дер қандай күш бар?

 Алынбай алтын жатпас қара жерде,

Ер жасып, ал қатындар қарады ерге.

Қонған бақ айбалтаның астында тұр,

Қаптаған Қара құстар салады өлге.

Ала жоқ жылқы ішінде,

Не жабағы?

Көті ауыр көтеремнің кер қабағы.

Ол бір ит оң мен солың,

Майлы сүйек

Бермесең не шабады, не қабады.

Ашыққан ит иттігін істемей ме?

Алқымнан балақ түгіл тістемей ме?

Арлыны арсыз жеңген бұ заманда,

Кеткендей жылан кіріп ішке бейне.

Қаптап жүр, қона-түнеп қара құстар,

Қара құс, білесіңдер неге құштар.

Мәңгілік нәрсе жоқ қой,

Жартатқаным,

Ұл берсін тізгініңді түзу ұстар.

08.08.2016 ж

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар