//

Түрiк-орыс дағдарысын доғарудағы Назарбаевтың рөлi

640 рет қаралды
2

n+eПетерборда Түркия Президенті Ердоған мен Ресей Президенті Путин арасында болатын кездесуге әлем назарын аударуда. Бұл кездесу екі тұрғыдан маңызды. Біріншісі, бұл 2015 жылы 24 қараша күні Түркия Ресей әскери ұшағын атып түсіргеннен кейінгі алғашқы кездесу. Екіншісі бұл кездесу 15 шілде күні төнкерістік әрекетпен бетпе-бет келген және мұның қолдаушылары ретінде кейбір батыстық елдерінен күдіктенген Түркия Президенті Ердоғанның алғашқы шетелге бағытталған сапары. Оның үстіне Ердоған өзінің НАТО сынды батыстық одақтас елдер президентерінен бұрын Путиннің телефон соғып өзіне қолдау білдірген басшы екенін де алғыспен айтып түрік-ресей байланыстарында жаңа бір кезеңнін басталатынын тілге тиек етуде. Міне сондықтан кейбір батыстық саяси сарапшылар Путиннің Түркияны өзіне көбірек тарту ықтималына алаңдаушылық білдіруде.

Осы маңызды кездесу алдында бүгін Һүрриет газетінде дерлік тоғыз айға жалғасқан түрік-орыс байланыстарындағы кризисті доғарған диломатиялық іс-қимылдарға тоқталған және ондағы Елбасы Назарбаевтың ерекше рөліне назар аудаған бір мақала жарық көрді. Мұрат Йеткиннің қаламынан шыққан және “Түрік-орыс кризисін аяқтаған құпыя дипломатияның хикаясы” атты сол мақалада негізі екі адамның жұмыстары нәтижесінде мәселенің шешілгені айтылуда.

Оның бірі Түркияның алда келген іскер азаматтарынан және Ресей Федерациясымен сауда-саттық байланыстары болған Жавит Чағлар. Ол мамыр айында таныстары арқылы Путиннін сырты істер және қауіпсіздік мәселелері туралы кеңесшісі Юри Ушаковпен байланысқа шығып екі елдің қарым-қатнастарын жақсарту жайында жұмыс жүргізді. Ақырында Путин Түркия Президентінің кешірім сұрап айып пұл төлеу туралы хаты келген жағдайда, байланыстарды жақсартуға келісімін берді. Бірақ бұған Ердоған келісім бермеді. Өйткені ондай хат Түркияның шеқарасын қорғау барысында емес, орынсыз түрде ұшақты атып түсіргені туралы түсінік қалыптастырар еді.

Міне осындай жұмыстар жүріп жатқанда, 22 маусым күні Қазақстан Президенті Назарбаев, Анқарадағы Елшісі Жансейіт Түймебаев арқылы, Ердоғанға хабар жіберіп Путинмен кездесіп сөйлескенін, хат келген жағдайда байланыстарды жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.

Бірақ Ердоған Путин сұрағандай мазмұнда хат беруге ынталы емес еді. Бір күннен кейін яғни 23 маусым күні Назарбаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымының жинасылы үшін Ташкенге келген Путинмен сөйлесіп Түркиядан келетін хаттың мазмұнын жұмсартуға көндіреді. Мұны елші Түймебаев сол күні түнде Анқараға хабарлап хатты ертен сағат 13.00-ге дейін Ташкенге жеткізулерінің дұрыс болатынын айтады.

Сөйтіп түні бойы Түркия президенттік қызметкерлері мен қазақ елшілік қызметкерлері жұмыс істеп хаттың мазмұны екі жаққа да ынғайлы етіліп жұмсартылды. Кешірім сұрау орнына “қателік кетті”, айып пұл орнына қаза болған ұшқыштардың отбасына Түркияның қаржылай көмек беретіні айтылды.

Енді мәселе дер кезінде хаттың Ташкенге жеткізілуінде еді. Бірақ мұнда бір қатар бөгеттер кездеседі. Олар да Елбасының араласуымен реттеледі. Таңға жақын Ердоғанның бас кеңесшісі Ибраһим Қалын мен Чағлар отырған арнайы ұшақ Ыстамбұл әуежайынан Ташкенге ұшуға дайындалды. Бірақ ұшақ ұша алмай күтіп тұрды. Өйткені, ұшақтың ұшуы үшін үстінен өтетін елдердің ұлықсатын күту керек болды. Олар кешігіп, уақыт та зымырап өтіп жатты. Хат дер кезінде Ташкенге бармауы мүмкін еді. Түркия сырты істер министрлігі қанша күш салса да тиісті елдерден ұлықсат келмей жатты. Ақырында бас кеңесші Қалын ұшуға бұйрық берді де “келісімдер жол үстінде келер” деді. Шеқараға жақындағанда Грузиядан, Грузия аспанында Әзірбайжаннан және Әзірбайжан аспанында Түрікменстан ұлықсаты келді. Бірақ Түрікменстан аспанында Өзбекстаннан ұлықсат келмеді. Өйткені Шанхай саммитіне байланысты әуе кеңістігіндегі бүкіл ұшулар тоқтатылған еді.

Назарбаев ұшақтың Шымкентке қонуына, сол жерден хатты тік ұшақпен Ташкенге әкелуге болатынын айтты. Бірақ екі сағат бойы Түрікменстанда Өзбекстан ұлықсатын күткен ұшақтың бір сағаттық жанармайы қалған еді. Сонда Назарбаев Кәрімовқа Түркиядан құрметті қонақтарының келе жатқанын айтып ұлықсат шығарды. Сөйтіп хат дер кезінде Ташкенге жетті. Елбасы хаттың мазұмынымен танысып “болған екен” деп келісім берді. Сонсоң Путиннің кеңесшісі Ушаковға берілуін нұсқағаннан кейін түріктерге “Менің жұмысым бітті. Хайырлы болсын” деп шығып кетті.

Бұл хатты, алдын ала келісілгеніндей, Ресей Президенті Путин 29 маусым күні әлемге жария етті. Бірақ ешкім осыдан оншақты күннен кейін, яғни 15 шілде күні Түркияда төңкерістік әрекет болады деп күтпеген еді. Осындай қиын қыстау кезде батыстық елдерден бұрын Путин Ердоғанның қасынан табылып онымен телефон арқылы сөйлесіп қолдау білдірді. Елбасы Назарбаев та 5 тамыз күні ат басын Анқараға бұрып төңкерістік әрекеттен кейін Түркияға алғаш рет ресми сапармен келген предидент ретінде Ердоғанға күшті қолдауын білдірді. Сонымен қатар әрине оған бүгін, яғни 9 тамыз күні Путинмен болатын кездесуіне де табыс тіледі.
Міне бұл бауырлас Түркия елінің жақын көршісі Ресей елімен дағдарысқа ұшыраған байланыстарын қалпына келтіруіндегі Елбасы Назарбаевтың ерен еңбегінін әңгімесі. Сондықтан болса керек, Ердоған 5 тамыз күні Анқарадағы кездесуде Елбасыға “Түркі дүниесінің ақсақалы” деп қайта қайта сүйсіне қарай берген еді. Түрік президенті және халқы Елбасының бұл еңбегін ешқашан ұмытпақ емес.

Әбдіуақап Қара,

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры,

тарих ғылымының докторы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Елбасының қолдауының арқасында түрік-орыс қатынастары реттелгенін мойындауымыз керек. Мықты саясатшы екенін дәлелдеді біздің Президент!

  2. Олар достасуындағы біздің Елбасының рөлі анық көрініп тұр ғой. Ұрысқан адамды жарастырған жақсы іс деуші еді, біздің Елбасы екі елді татуластырды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі