///

Мұхтар Тайжан: Астана мұндай түсініктен ада

670 рет қаралды

Жақында Астанаға барып келдім. Сол сапардан алған әсеріммен бөліссем деймін. Бұл сапарда мен депутаттармен кездесу өткіздім, олар – Парламенттің, Үкіметтің, билік олимпінің негізгі тынысы ғой. Менің түсінігімдегі биліктің қазіргі басты кінәсінің неде екендігін айтқым келеді.

1

574681666341c15401-1
Иә, біз соңғы жылдары мұнай бағасының құлдырауына орай, елдің экономикалық саясаты түбегейлі өзгеруі қажеттігін айтып келеміз. Сонымен бірге, ішкі демографиялық және тілдік ортаның өзгеруіне орай, мемлекеттік идеология да өзгеруі тиіс.
Қарап отырсаңыз, жалған көзбояушылықтың қаншама адамды ығыр қылғандығын байқайсыз. Әрине, мұнай бағасының жоғары болған кезінде жұрт қазіргімен салыстырғанда анағұрлым жақсы өмір сүрді, бірақ мұнай бағасы құлдырағаннан кейін экономикамыздың қаншалықты жалаңаш екендігі көрініп қалды. Бұндай сәтте ішкі саясат басынан аяғына дейін өзгеруі керек еді ғой.

Көп ұлтты мемлекеттің 25 жылғы идеологиясы – дәл қазіргі, демографиялық жағдай түбегейлі өзгерген тұста кеңестік нафталинмен мүңкиді. Дәл қазіргі сәтте Қазақстанда 140 немесе 128 ұлттың өкілі жоқ. Бұл кеңестік дәуірден келе жатқан жалған статистика. Елдің идеологиясын осындай жалған статистика негізінде жалғастыра беруге болмайды.
Елдегі қазақтардың үлес салмағы – 76 пайызға жетіп жығылады және бұл проценттік көрсеткіш ұлт жасарған сайын өсе түспек. Сол жастарға баспана керек, жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс, яғни бұлар – ең мінезді электорат. Қазақ жастарының экономикалық ғана емес, сонымен қатар рухани сұранысын елемеу түсініспеушілік пен  қақтығысқа бастауы мүмкін.

Өздеріңіз ойлап көріңіздер, Парламенттің құрамы 15 жыл бойы өзгермей келеді. Осы уақытта өмірдің қалай өзгергенін көз көріп отыр.  Сол жылдары депутаттардың мемлекеттік тілді білмеуі қалыпты жағдай болып саналса, қазір жыл өткен сайын елдің қазақтануы белең алып, қазақтілді жастардың саны артуда. Бұндай жағдайда Парламенттің бүгінгі құрамы нонсенс болып есептелінеді. Мектеп түлектерінің 80 пайызы қазақтілділер, бірінші сыныпқа барғандардың 89 пайызы қазақ мектептеріне барады.  Ал Парламент пен Үкімет әлі күнге дейін орысша сөйлейді, Қазақстанның көп ұлттығы жайында сөз айтады. Біз баяғыдан Еуропа, Азия және ТМД т.б. елдері секілді демографиялық, тарихи және моральдық тұрғыдан – қазақ еліміз. Біздегі көпұлттылық орыс тілімен көмкеріледі. Бізге Ассамблеяның ерекше рөлі туралы көп айтады. Ал сол Ассамблея өздері қабылдаған ұлттық бірлік Доктринасын неге орындауға құлықсыз? Онда «мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматтарының міндеті ғана емес, олар оны білуге тиіс» деп жазылған.
Біздің айналамыздағы шындық өзгеруде. Мұнай бағасы құлдырады – экономикалық саясат өзгеруі тиіс. Демография тұтасымен өзгерді – мемлекеттік идеология да өзгеруі тиіс. Егер экономикалық саясат сыртқы конъюнктураны ескермесе, біз банкротқа ұшырауымыз мүмкін, егер ішкі саясат ішкі ортадағы өзгерісті елемесе, біздің қоғамда шиеленіс болуы мүмкін.
Мен осы бір қарапайым ақиқатты жұрттың зердесіне жеткізгім келеді.

Мұхтар Тайжанның фейсбук парақшасындағы пікірі орысшадан аударылды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі