///

Ұзынағашта өлтірілген ағайындылардың ісін Үкімет назарына алды

912 рет қаралды

Бақытжан Сағынтаев © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісін өз бақылауына алды, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

“Қазіргі уақытта БАҚ-тарда қылмыстар туралы көп айтылып жатыр. Қылмыскерлердің Алматы облысында ұсталғаны белгілі болды, тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл халықты алаңдатып отырғандықтан, бұл жайында бізге мәлімет берсеңіз екен”, – деді үкімет басшысы Сағынтаев ішкі істер министріне.

“20 қыркүйекте бізге үш азаматтың Алматыға мал сатуға кетіп, жоғалып кеткені жайлы хабар келіп түсті. 21 қыркүйекте олардың бір көлігін таптық. Олар екі көлікпен 41 бас ірі қараны Алматы облысындағы базарға сатуға апара жатқан. 23 қыркүйекте екінші көлік табылды”, – деді Қалмұханбет Қасымов.

“Осыдан кейін жергілікті тұрғындардың бұл көліктің жүргізушілеріне көмектескені белгілі болды, сөйтсе олар лай-батпақта тұрып қалыпты, кейін ол жерде кім болғаны белгілі болды. Олар Жамбыл ауданының тұрғындары. Осы тұлғалар арқылы қылмыскерлерді анықтадық, Жамбыл ауданының екі тұрғынын анықтадық, олар мал базарға бара жатып, осы сатушыларға жақындаған. Сөйтіп, олардан барлық малын сатып алуды ұсынған. Оларды алдап, алқапқа алып кетіп, қылмыс жасаған. Мәйіттер мен малды жеткізу барысында олардың көлігі тоқтап қалған, сондықтан олар жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Қазіргі уақытта қылмыскерлер ұсталды, кісі өлтіруге қолданылған қару тәркіленді, қылмыскерлер мәйіттерді қайда көміп кеткенін өз қалауымен көрсетіп берді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгін жерлеу рәсімі өтеді. 36 бас ірі қара тәркіленді. Істі Алматы облыстық ІІД тергеп жатыр. Меніңше, аз уақыттың ішінде істі тергеп, сотқа жолдаймыз”, – деді ол.

“Бақылауға алыңыздар. Қоғамдық қауіпсіздіктің және зорлықпен күрестің біздің негізгі жұмысымыз екенін барлығымыз білеміз. Сондықтан таяу арада осы мәселені үкіметте қараймыз деп ойлаймын”, – деді Сағынтаев.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

www.tengrinews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері