///

Алматының бір күні

1451 рет қаралды

Алматы қаласына – 1000 жыл. Биыл осы бір айтулы датаны қала әкімдігі кеңінен атап өтті. Ал Сулейман Демирель университетінің 2-курс студенттері Алматының бір күні қалай өтетінін назарларыңызға ұсынбақшы.

АРБАТ – БӘРІМІЗГЕ РУХАНИ ДЕМАЛЫС СЫЙЛАЙДЫ

8_main

j5wgyeeu64zzh7cdaet2rvbf3gn6sr
Алматы – жолақ жылқы секілді дақты, мінезді қала. Оның жақсы да, жаман жақтары бар. Арбатқа қарасаң, ол қаланың жақсы-жаман жерлерін емес, шын келбетін көрсетеді. Арбат өнердің, креативтің, музыканың, ұлттық және әсіресе жастар мәдениетінің жиынтығы. Бұл жаңа мүмкіндіктердің қақпасы, идеялардың жүзеге асыра алатын және бүркеулі дарынның ашылатын жері. Онда қазіргі адам керек ететін нәрсенің бәрі бар: техника, тамақ, киім, білім, ойын-сауық.

95abddd5c4_originalАрбаттың шабыт беретін дәрежесі өте жоғары – мұнда музыканттар жиі жиналады, қыл қалам шеберлері сурет салады және әр демалыс сайын адамдар  қолдан жасаған бұйымдарын әкеліп жәрмеңке ұйымдастырады. Жылы жаз кештерінде Арбатта студенттер гитараларымен көңіл көтеруге келеді, әр жерде түрлі тамақтар мен балмұздақтар сатылып жатады, ал күн батқан соң алаңға телескоп шығарылып, өтіп бара жатқан адамдарға аспан әлемін қызықтауға мүмкіндік береді. Онда әрдайым неше түрлі флешмоб, көрме, инсталляциялар, жәрмеңкелер, концерттер және мейрамдар өтіп тұрады. Олардың бірі – жаздың соңында және күздің басында өтетін Артбатфест.

t6u5n2v0niwajklz45mw0tuv4jzzq7Бұл фестиваль кезінде көптеген шебер мен мүсіншілер қолөнер туындыларын Арбатқа әкеп жайғастыруды жөн көреді. Жас дарындар үшін өз өнерлерін дәріптеу үшін бұл зор мүмкіндік. Сонымен қатар, Арбатта журналистер қызықты әлеуметтік сауалнамалар өткізуді ұнатады.  Арбат – баршамыздың басымызды қосады, жасымыздың, дініміздің жынысымыздың, ұлтымыздың айырмашылықтарын ұмыттырады. Мұнда жұрт рухани тұрғыдан демалады, әлеуметтік тұрғыдан кейбір проблемаларын шеше алады.

“ҚҰЛ БАЗАРЫ” – ЖҰМЫССЫЗДАРДЫҢ СОҢҒЫ ҮМІТІ

img_9176


img_9199
img_9201Арбат Алматының ең жарқын келбетінің бірі болса, «Алтын Орда» мен «Жетім бұрыш» медальдің келесі беті секілді. Бұл қаланың ең көңілсіз – беті болса керек.

«Бұл жерде жұмыс істеп жүргеніме жеті жыл  болды. Алматыға Шымкенттен жұмыс іздеп келдім. Жалғызбасты анамын, жұмыс таңдамаймын, істей беремін».  Бұл тас емшегін жібітіп, тар құрсағын кеңіткен

екі сәбиі үшін қандай жұмыс болса да істеуге дайын ананың сөзі.

img_9182Алматының батыс қақпасындағы «Алтын Орда» базары күндегідей қызу жұмыспен әбігер. Қаншама тағдырлар тоғысқан бұл базарда жұмыс ұсынушылар саны күн өткен сайын көбеюде, бұл бәрімізге белгілі «Құл базары». Атының өзі құлаққа түрпідей тиіп, жүректі дір еткізе қалатын  Құл базарының қым-қуыт тіршілігін бақылау мақсатында біз бір күнімізді арнадық.

img_9194Бірден көзге бірден киім-кешек пен тіске басар азын-аулақ тамағы салынған сөмкелерін иығына асынған адамдар түседі. Келгендер мен тоқтаған көліктердің жанына үйіріліп, бәрінің де сұрайтыны бір: “Қандай жұмыс?”, “Қанша төлейсің”.

Күнде 400-дей адам таңғы 6-дан бастап жиналады, кешке дейін жиналғандардың тек қана 50-і  ғана жұмысқа кетеді екен. Олардың 80 пайызы – ерлер,  20 пайызы – әйелдер. Нәпақасын «Құл базардан» іздеп келетіндердің жасы – шамамен 40-45 аралығында.

img_9196Біздің болашақ журналист екенімізді білгендер бірден жанымызға келіп, жағдайларымен бөлісе бастайды. Жалдамалы жұмысшылардың арасында алданып қалғандар бар екен. Мәселен, өзбекстандық қандасымыз Ерланның айтуынша,  оны таулы жерге апарып,  2 ай жұмыс жасауға мәжбүрлеген. Жасаған жұмысының жалақысын ала алмаған ол жол тауып қашып құтылған.

“Жұмысқа орналасқанда ешқандай келісімшартқа отырмаймыз, ауызша келісеміз. Тұрақты жұмыс жасау үшін еңбекпен қамту агенттігіне барамыз, анкета толтырғанымыз үшін 1000 теңге алады да, енді үйіңе барып жауабын күт”,- дейді.

“Өз мамандығым авиамеханик” дейді Жұмабек  есімді жалдамалы жұмысшы. “Өз  мамандығыңыз бойынша жұмыс жасадыңыз ба”  деген сұраққа ол: “Ғарышты зерттеймін бе, әлде отбасымды асыраймын ба” деп деп ызалы күлкімен жауап қатты. Міне, «Алтын Орданың» “құл” базарының бет-бейнесі.

“ЖЕТІМ БҰРЫШ” – ЖЕТІМДЕРГЕ ПАНА БОЛА МА? 

img_1224 img_1226 img_1227 img_1228 img_1230 img_1232 img_1234 «Жетім бұрыштағы» адамдардан аяқ алып жүргісіз, құдды құмырсқаның илеуіндей. Үйді жалға берушілер барлық жерден қылтияды: тротуар, жолдың жиегі жаяу адамның өзіне өтуге мүмкіндік берер емес. Мені осы жағдайдың еліткені сонша, біртіндеп суретке түсіре бастадым. Алайда менің бұл әрекетім нәтижесіз аяқталды. Суретке түсіргенім сондағы маклерлерге ұнамады. Сол үшін мен аз уақытқа бойтасалай тұруды жөн көрдім.  Біраздан кейін қайта оралдым. Бірақ бұл жолы суретке түсіруді жөн деп таппадым. Адам легі азайып қапты. Үйді жалдаушылардың орта жасы 50-ден жоғары

көрінеді. Олар А4 қағазына хабарландыруларды қолмен жазып алады екен. Негізгі клиенттері – жас отбасылар. Бәсекелестіктің күштілігі сондай, әрбір клиент үшін жаға жыртысуға дайын. Мен сонда болған уақытымда жұрт клиент үшін үш рет төбелесіп үлгерді. Пәтерді жалдау құны – 30 мың теңгеден басталады. Бұл бағаға қала сыртындағы шағын үйшіктер келсе, менің көрген ең жоғарғы бағам – 120 мың теңгеге жетті.

«Жетім бұрыш» өткен ғасырдың 60 жылдарында ашылған. 80-ші жылдардың басында оның атағы бүкіл Алматыға, қала берді республикаға жайылған. 56 жыл бойы пәтерсіздерді пәтермен қамтып келген «Жетім бұрыштың» әзірге жабылар түрі жоқ. Керісінше, баспанасыздарды уақытша болса да, баспанамен қамтамасыз етіп, қалталарын қампита түсетін жайы бар.

СДУ, “Журналистика” мамандығының ІІ курс студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі