//

Қысқы Универсиада Алматыда алауын жақты

1075 рет қаралды
1

unnamed

Универсиада ойындары үшін арнайы салынған «Алматы Арена» спорт кешенінде 28-ші Дүниежүзілік қысқы студенттер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Кештің басты қонақтары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,  Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин және Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министірінің орынбасары, Президент Істері жөніндегі министрі Шейх Мансур ибн Зайд Әл-Нахайян  және т.б. құрметті меймандар болды.

unnamed-1

Ашылу салтанатында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен қатар бастан өткізген түрлі тарихи кезеңдері және Қазақстанның қарыштап даму сатысы көрсетілді. Сонымен қатар әдеттегідей әлемнің  57 елінен келген спортшылар мен жаттықтырушылар мемлекеттік байрақтарын алып алаңда жүріп өтті. Қазақстан құрамасының туын шаңғышы Дәулет Рахымбаев ұстап шықты. Қазақстаннан барлығы 175 спортшы ел намысын қорғайтын болады.

unnamed-2

Айта кетейік,29 қаңтар мен 8 ақпан күндері Алматыда өтетін байрақты бәсекеде спорттың 12 түрінен:коньки спорты, биатлон, шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, кёрлинг және шайбалы хоккейден бақ сынасатын болады. Бұл ойындар қаладағы 8 спорттық нысанда: «Алатау» шаңғы және биатлон кешені, Б.Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Алматы Арена» мұз сарайы, «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені, «Халық Арена» мұз аренасы және «Табаған» ойын-сауық кешенінде  өтеді.

Күнту АРЫНБЕК

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

журналистика факультетінің студенті

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Универсиада – барша еліміз үшін байрақты бәсеке, елдің айбынын танытатын шара. Алматыдағы ашылу салтанаты өте жоғарғы деңгейде өтті деп толық сеніммен айта аламын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар