//

Ал ендеше: Путин Донецк және Луганск халық республикаларының паспорттарын мойындау жөнінде Қаулы қабылдады

698 рет қаралды

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресей аумағында Украина аумағында өз бетінше мемлекет құрған Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасының паспорттарын Ресей аумағында заңды деп тану жайлы Жарлыққа қол қойды.  Аталған Жарлықта “Минск келісімінің негізінде құжаттар Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарындағы саяси жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша жарамды” делінген.

Путиннің бұл қадамы Украина тарапынан, керісінше Минск келісімін бұзу деп танылуда. Британдық медиа корпорациясы BBC-де ресейлік саясаткер Николай Петров пен украиналық Генрих Белль қоры өкілдігінің басшысы Сергей Сумленныймен “Пятый этаж” бағдарламасының жүргізушісі Михаил Смотряевтің сұхбаты жарияланды (http://www.bbc.com/russian/features-39032141). Сұхбатта екі елдің саясаткері де  Путиннің бұл қадамы АҚШ-тың вице-президенті АҚШ-тың Украинаға қатысты көзқарасы жайында қатаң ескертуінен кейін жасалып отырғанын айтады. Бұл Ресейдің қолында Украинаны уысынан шығармау үшін қаншама көзірдің бар екендігін көрсетсе керек дейді олар.

Қалай болғанмен, Украина қалқанында пайда болған Ресей-Батыс текетіресі әлі де біраз ұзаққа созылатын сынды.

754874288278169“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар