//

Бұл Жолдаудың бұрынғыдан өзгешелігі не?

582 рет қаралды

 «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын», – деп басталатын Президент жолдауын қоғамдық – әлеуметтік тұрғыдан сараптайтын болсақ, технологияларды дамыту үрдісі уақыт, қаржы және кадрлық біліктілікті талап етеді. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытына жету – халық өмірін жақсарту мен адам капиталын көбейтумен іске асады. Сол себепті, Президент жолдауының басты нысанасы өсу драйвері және оның модернизациясында болды.

«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»

Бұл жолдаудың ерекшелігі – Қазақстан экономикасының модернизациясын қамтамасыз ететін, сонымен қатар жаңа технологияларды дамыту арқылы өзге елдермен бәсекелестікті арттыру. Сарапшылардың пайымдауы бойынша, мұндай мақсат ұзақ уақыттты талап етеді. Негізгі өсу драйверлері ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік-логистика кешені болмақ.

«Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады»

Дегенмен, өндіріс орындарын роботтандыру ел экономикасына жағымды әсерімен қатар, халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізбек. Бұл дегеніміз, өндіріс кешендерінде кадр санын қысқарту болып табылады. 17 млн халқы бар Қазақстанның басты мақсаты – тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету болса керек. Бүгінде Қазақстанның еңбек өндірісі төмен – адам басына 30-40 мың доллар, ал дамыған елдерде 200 мың доллар. Соның ішінде ең төмені ауыл шаруашылығында – бір жұмысшыға үш мың доллар тиесілі.

Инновациялық сарапшы Дияз Байсеитовтың ойынша, біздің ең бірінші жаһандық мемлекет ретіндегі мақсатымыз – экономикалық, қоғамдық және техникалық паттерндер мен трендттерді мұқият талдап, тәжірибемізге енгізу. Екіншіден, геосаясаттық мәнмәтіндегі өндірістік тізбекке ену. Аталған міндеттер жаңа индустриялық өсімге жағымды ықпалын тигізеді.

Ал экономист, «Алмагест» консалтинг компаниясының директоры Айдархан Кусаиновтың айтуынша, үкімет бағыты айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. «Соңғы онжылдық тренд сақталады. Бір жағынан, оның сақталғаны дұрыс болғанымен, жолдау біржылдық нақты қадамдар жоспарымен байланысты болады деп үміттендім. Жолдаудың өзінде 2020 жылға дейінгі жоспарлар ұсынылды, яғни стратегия төрт жылды қамтып отыр. Өкінішке орай, экспорттық және қоғамдық тақырыптар дәстүрлік сипатта қалды. Экспорт бойынша кеңес алдыңғы жолдауларда да айтылған. Әлеуметтік бөлік туралы да солай. Сол себепті бұл жолдауда айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ деп ойлаймын. Одан да жолдауда айтылмаған заттар маңыздырақ сияқты. «Біз ұлттық қорды ашып, барлығына көмектесудеміз»,-деген сөз айтылған жоқ. Яғни банктық сфера жағдайына келгенде, Ұлттық банкті акционерлер арқылы капиталсыздандыру керек делінді. Менің ойымша, жолдау осы тақырып айғағында болды. Қаржыландыруды арттыру, қосымша трансферді қалыптастыру туралы ештеңе айтылған жоқ, керісінше шығынды азайтып, оптимизациялану керек деген жолдау болды»

Жолдаудың осал тұстары туралы айтатын болсақ, адами капитал сапасын жақсарту төртінші басымдық болып отыр. Дамыған елдер заңнамаларына сүйенсек, адами капитал бірінші орында болатын басымдық болуы тиіс. Одан кейінгі басымдықтар адам капиталын жақсартуға көмегін тигізетін қадамдар болып саналады. Қорыта келе, жолдаудың көпшілікпен жағымды қабылдануы оның қаншалықты жүзеге асырылуымен байланысты болмақ.

Әйгерім Табылдиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі