//

Денис Тен Универсиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізді

694 рет қаралды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Ванкувер Олимпиадасының қатысушысы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші Азия ойындарының чемпионы, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы, ҚР халықаралық спорт шебері Денис Тен 28-ші қысқы Универсиадада ел қоржынына оныншы алтынды әкелді.

Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 94.91, негізгі бағдарлама бойынша 172.06, жалпы 266.97 ұпай жинап үздік атанды. Студенттер арасындағы қысқы ойындардың күміс жүлдесі жапониялық Кэдзи Танака (252.09), ал қола жүлде Швециялық Александр Майоровқа (246.56) бұйырды.

Қазақстандық келесі мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымгалиев жалпы 204.23 ұпаймен 12-ші орынды қанағат тұтты. Универсиадаға мәнерлеп сырғанау бойынша қатысып жатқан тағы бір спортшымыз 17 жасар Артур Панихнин қысқа бағдарлама бойынша 28 орынды алып, еркін бағдарламаға өте алмай қалған болатын.

Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі