//

СДУ-ге келіп бағың сына!

2328 рет қаралды
2

spt-a3-%d0%ba%d0%b0%d0%b7Қымбатты жас түлек!

Сулейман Демирел университетінде 2017 жылдың 11 сынып оқушыларына арналған «SPT ішкі олимпиадасы» болатынын хабарлаймыз. Олимпиада Қазақстанның ірі қалаларында өтеді. Үздік деп танылған 250 қатысушы толық 4 жылға жарамды грант пен түрлі жеңілдіктерге ие болады.

«SPT ішкі олимпиадасы» дегеніміз не?

SPT (SDU Proficiency Test) – биылғы мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың басты мақсаты – түлектерге болашақ мамандығын айқындауға көмектесу, сондай-ақ, ішкі грант пен түрлі жеңілдік ұсыну арқылы көмек қолын созу. Біздіңше, әркім өз мүмкіндіктерін саралап, талантын тексеріп көруі тиіс. Өйткені бұл – ішкі гранттар мен түрлі жеңілдіктерге қол жеткізудің таптырмас мүмкіндігі!
SPT – оқушының таңдаған пәніңізге орай, 5 кластер бойынша жүргізіледі: Физика, География, Ағылшын тілі, Әдебиет және Дүние жүзі тарихы. Әр кластерде қосымша – математика, ағылшын тілі, қазақ/орыс тілдері және Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар болады. Жеңімпаздар мен алғашқы 250 талапкер Сулейман Демирел Университетінің ішкі грантын, сонымен қатар түрлі жеңілдіктерді жеңіп алады.

Олимпиадаға қатысу өту оңай. СДУ ресми сайты (www.sdu.edu.kz) сайты арқылы онлайн тіркелген кез келген талапкер олимпиадаға тегін қатыса алады. Онлайн тіркелу 1 ақпаннан 28 ақпанға дейін жалғасады.
Олимпиада 5 наурыз күні бір мезетте еліміздің ірі қалаларында өткізіледі. Қатысушы емтихан тапсыру үшін өз қаласына жақын әрі өзіне ыңғайлы тестілеу орталығының бірін  таңдай алады. Олимпиада сұрақтары қазақ және орыс тілдерінде мектеп бағдарламасы негізінде дайындалған. Талапкерлер 3 пән бойынша, 100 сауалға жауап беруі тиіс.

Бұл – сенің мүмкіндігің!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Əдебикттің қасына қандай пәндерден тапсырады? Айтып жіберіңіздерші.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі