//

«Универсиада-2017» ойындарының аяқталуына бір күн қалғанда Қазақстан мен Кореяның алтын медальдар саны теңесті

479 рет қаралды


Алматыда өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы студенттер ойындарының аяқталуына да аз қалды. Бүгінгі күнге дейін жалпы 246 жүлде сарапқа салынғаны белгілі.

Жалпы есеп бойынша 27 алтын, 25 күміс, 15 қола медальмен Ресей көш басында тұр. 2019 жылы Қысқы Универсиаданы өткізетін Ресей Федерациясы «Алматы-2017» студенттер додасында өздерінің мықты екенін дәлелдеп те қойды. Жалпы есепте бірінші орынға талас та тоқтағанына біраз уақыт болды. Ал, Қазақстан Универсиада-2017 ойындары басталғанынан бастап екінші орыннан қозғалған емес. Бүгінгі шорт-трек жарысының қорытындысы бойынша кореялық спортшылардың бірінші орын алуына байланысты Корея Республикасының алтын жүлделер саны Қазақстанмен теңесті. Яғни, қос мемлекетте де 11 алтын медальдан бар. Бірақ, Қазақстанда 7 күміс, 15 қола болса, Кореяда 5 күміс, 5 қола болғандықтан үшінші орында тұр. 2015 жылы Испания мен Словакия мемлекеттерінде өткен 27-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының нәтижесі бойынша да Ресейдің бірінші орыннан көрінгенін білеміз. Сол ойында Корея екінші, Қазақстан студенттері үшінші орынды қанағат тұтқан болатын. Ол кезде де қос мемлекеттің алтын медальдар саны тең түскен. Бірақ күн шығыс елінде 9 , Қазақстанда 5 күміс болғандықтан үшінші орынға Қазақстан жайғасқан.

2015 жылғы 27-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарында үздік үштіктен көрінген мемлекеттер

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Жалпы

1

Ресей

20

18

18

56

2

Оңтүстік Корея

5

9

2

16

3

Қазақстан

5

6

0

11

2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының тоғыз күнінің қорытындысы

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Жалпы

1

Ресей

27

26

15

68

2

Қазақстан

11

9

1

34

3

Оңтүстік Корея

11

5

7

21

Бұл нәтиже осылай қалады деп ойламаймыз. Әлі алда ерлер арасында хоккейден, шаңғы жарысы бойынша 30 км классикалық көпшілік старты бар. Хоккейші жігіттеріміз бүгінгі жартылай финалда Чехиялық қарсыластарын жеңсе, ертең Ресеймен финалда жолығатын болады. шаңғы спортынан ертең төрт бірдей жерлесіміз сынға түседі. Олар Сергей Малышев, Александр Малышев, Виталий Пухкало, Олжас Климин және Дәулет Рахымбаев. Қазақстан қоржынына тағыда алтын жүлделер түседі деген үміттеміз.

Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Күршімдегі жағдай қайталанбасына кім кепіл? Бірқабатты Шығыс бағдарламасымен салынған үйлер газ пешінің қауіпсіздік ережесіне сай екендігіне сенбейді

Зайсанда 2019 жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен қолданысқа берілген үйлердің тұрғындары шағымдарын жеткізді. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен бұл