//

Универсиаданың төртінші күнінде фристайлшыларымыз қос алтын мен қолаға қол жеткізді

738 рет қаралды

«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде фристайлдың могул түрінен әйелдер арасында өтіп жатқан жарыста  Юлия Галышева Қазақстанға кезекті төртінші алтынды әкелді. Ол 73.80 балл жинап, алтыннан алқа тақты. Күміс Ресей фристайлшысы Анастасия Первушинаға(62.13) , қола Австрия спортшысы Катарина Рамзауэр (52.05) бұйырды.

 

Юлия Галышеваның алтынын тойлап үлгеремін дегенше тағы бір фристайлшымыз ерлер арасында сынға түсіп, Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті. Ол 28 жастағыДимитрий Рейхард 79.94 балмен жеңімпаз тұғырынан көрінсе, ресейлік Сергей Шимбуев 79.11 балмен күміс жүлдені иеленді. Қолаға тағы бір қазақстандық 21 жастағы Павел Колмаков (76.95) лайық деп табылды.

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың төртінші күні қазақстандықтар үшін сәтті өтуде. Қоржында 5 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

 

Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар